Ғылыми жаңалықтар

1 шыныаяқ кофе бір тәуліктегі есте сақтау қабілетін жақсартады

15.01.2014

3966

Мамандар сусынның адамның есте сақтау қабілетіне жақсы әсер ететінін 2 кезеңде өткізілген тәжірибе барысында анықтады, деп хабарлады "Утро".

Тәжірибеге қатысуға ниет танытқандар 5 минуттың ішінде ұсынылған суреттерді жіті қарап шықты. Кейін олардың жартысына құрамында кофеині бар дәрі берген.

Келесі күні суреттердің ішінен қатысушылар 1 күн бұрын көргендерін іріктеді. Нәтижесінде кофеині бар дәрі ішкендер тапсырманы 10%-ға жақсырақ орындады.

«Біз алғаш рет кофеин ұмытшақтықты 24 сағатқа азайтатынын анықтадық», - деді нейробиолог Майкл Яссу.
Алайда сусынды мөлшерден тыс көп ішкен денсаулыққа кері әсерін тигізеді.

Источник: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар