Аспирант өзінің жасап шығарған батарейкасының қуаттылығы күнделікті өзіміз қолданып жүрген батарейкадан аз, бірақ ол қосымша заряд алмай 12 жылға дейін жұмыс істей алады дейді.
Томск политехникалық университетінің аспиранты Дмитрий Прокопьевтің ядролық батарейкасын медицина, әскери салада, техника мен ғарыш салаларында қолдануға әбден болады.
«Тритиймен толтырылған герматикалық корпусындағы арсенид-галлилік 3D-детекторының көмегемен энергия шығаратын болады. Аспирант бұл типтес ядролық батарейкалар бүгінде қолданыста, оны кремний детекторын қолдану арқылы жасауға болады дейді. "Бірақ кремний детекторы қолдану кезінде деградацияға (радиация әсерінен өзінің қасиетін жоғалтуы) ұшырайды. Өйткені жас ғалым кремний радиациялық тұрғыдан берік материал емес екенін алға тартты. Батарейка үздіксіз 12 жыл жұмыс істегенде галлий арсениді детекторын сақтайды.
Батарейканың негізгі бөлігіндегі детекорлардың прототиптері Будкер атындағы Новосібір ядролық физика институтында және Томск Мемлекеттік университетінің Сібір физика-техникалық институтында сынақтан сәтті өткен.
Д. Прокопьев өзі жасап шығарған қуаттандыру құрылғысы аз ток жейтін әртүрлі электронды құрылғыларға қолдануға болатынын айтуда. Тіпті, жаңа батарейка ондаған жылдар бойы кардиостимуляторды тоқтаптай, үздіксіз жұмыс істеуіне жағдай жасай алады.
Мәлімет көзі: ria.ru