Ғылыми жаңалықтар

45 жаста ми қартая бастайды екен

06.01.2014

4025

Осыған дейін ғалымдар адамның миы 60 жастан кейін қартая бастайды деп келген еді. Адам миын жан-жақты зерттеген британдық ғалымдар ми 45 жылдан кейін-ақ ми тоза бастайды деген қорытындыға келді.

Олар бұл зерттеу жасауына он жыл уақыт жұмсап, зерттеу ісіне 45 пен 70 жас аралығындағы 7 мың адамды тартқан. Тест кезінде олардың сөздік қоры, есте сақтау қабілеті мен құлақпен естіген сөзді қалай қабылдайтындықтары бақылауға алынған. Нәтижесінде ғалымдар адамдардың 3,6 пайызы ақыл қабілеттіліктерін 45-48 жасында жоғалта бастайтындығы анықтап отыр. Ал 65-70 жас аралығындағы әйелдердің 7,4 пайызында, ерлердің 9,6 пайызында ми бөліктерінің қартаюы байқалады.

Сонымен қатар қандағы қанттың жоғары болуы да гиппокамп жұмысына әсер ететінін дәлелдеген. Бұл өз кезегінде оқу мен есте сақтау процесінде маңызды рөл атқарады.

Мәлімет көзі: mir24.net/

«« | »»
Соңғы жаңалықтар