Ғылыми жаңалықтар

Жапондық мамандар бауыр циррозын баяулатудың тәсілін ойлап тапты

06.01.2014

3814

Жапониялық ғалымдар соңғы жылдары ракпен ауырғандардың 80 пайызының бұл ауруға ұшырауына бауыр циррозы себеп болғанын анықтаған. Бауыр циррозы С гепатиті салдарынан немесе өзге де аурулардан пайда болатыны белгілі.

Ғалымдар бауыр циррозын баяулатудың бірден-бір әдісін ойлап тапты. Нақты ғылымдар институтының мамандары өз зертханаларында жаңа технологиялардың көмегімен бауыр циррозын жазатын әдісті тәжірибеге енгізді. Бұл ретте зерттеушілер С гепатиті вирусының таралуына тікелей қатысатын NS3 ақуызына назар аударған.

Тәжірибе бойынша аталған ақуыздың қызметін тоқтатса, онда жаңа технологиялар арқылы бауыр рагі ауруын емдеуге мүмкіндік туатыны белгілі.

Зерттеу барысында ғалымдар С гепатитімен ауыратын лабораториялық тышқандарға NS3 ақуызын жоятын инъекция жасаған. Қорытындасында кеміргіштердің бауырының қатаюы 25 пайызға дейін төмендеген. Бүгінде мамандар аталмыш ақуыздың қызметін толығымен және түбегейлі жоюға әрекеттеніп жатыр.

Ғалымдардың пікірінше, осындай қауіпті ауруды емдеу тиімді әрі жылдам орындалса, алдағы уақытта бұл тәжірибені С гепатиті салдарынан бауыр циррозымен ауыратын адамдарға клиникалық тәжірибе жасалады деп жоспарлап отыр.
Егер бәрі сәтті жасалса, онда жаңа ұрпақ мұндай созылмалы сырқаттардан тез жазылатын болады.

Мәлімет көзі: glob-news.ru/

«« | »»
Соңғы жаңалықтар