Эмори Университетінің Медициналық орталығының бір топ ғалымдары таңқаларлықтай мәлімдеме жасады. Америкалық ғалымдардың айтуынша балалар өз ата-анасының ерекшеліктерін ғана емес, сонымен қатар қорқыныштарын да қан арқылы бойларына сіңіреді екен. Яғни, қорқыныш та тұқым қуалайды.
Бүгінде генетикалық жады дегеннің ойдан шығарылған немесе аңыз емес екенін екінің бірі біледі. Ғалымдар қорқыныштың тұқым қуалайтындығына тышқандарға тәжірибе жасау арқылы көз жеткізген. Тәжірибе барысында зерттеушілер тышқанды мойыл жемісінің иісінен қорқытқан. Кейін оның балалары да мойыл жемісінің иісін сезесе, қашатын болған. Ғалымдарды қызықтырғаны да тышқанның балаларыныңы жемістің иісінен қашқаны болды. Өмірінде мойыл жемісінің иісінен қору инстикі тышқан балаларына та-аналарынан берілгені белгілі. Мамандар бұл құпияны кеміргіштердің ұрығына сараптама жасау арқылы көз жеткізіпті. Күйзеліс пен қорқыныш геннің кейбір иістерді қабылдау жұмысын бұзады. Бұл ретте бұзылған ген атадан балаға ауысады. Ғалымдар бұл зерттеудің қорытындысы әртүрлі психикалық ауытқулыққа шалдыққан адамдарды емдеуге көмектесетінін айтуда. Бұрын ғалымдар күлкі өлімнің бірден бір себебі болуы мүмкін деп те мәлімдеме жасағаны есімізде. Күлкіден жүрек пен өңеш зардап шегеді және сонымен қатар ол қояншық ауруын тудыратыны анықталған болатын. Бұдан басқа күлген кездегі ішке кіретін ауа астма ұстамасын қоздыратыны да белгілі.
Мәлімет көзі: delate.info