Новесібір Информатика жүйесі институтының ғалымдары өте сирек гендерді тапты. Егер олардың белсенділігін жойса, онда ағзадағы рак жасушалары өлу ықтималдылығы жоғары. Аталмыш гендер ДНҚ-ның адам ағзасына қажет емес деген бөлігінен табылғанын айта кетуіміз керек.
Егер бұл зерттеу қолдау тауып бекітілсе, жақын арада онкологияның ең ауыр, қауіпті деген ауру түрлерін емдейтін дәрілер шығарылады. Адам геномының «белгісіз материя» деп аталатын түрін зерттеп жүрген америка, француз, орыс ғалымдар аталған жаңалықтың шындыққа жақындығын растап отыр. Егер бұл жасалған зерттеу өзін дәледесе бірнеше жылдан кейін жаңа дәрілерді клиникалық сынақтан өткізіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болады. Бұл қатерлі ісік ауруының мәселесіне жаңаша қарауға мүмкіндік беріп, ауруды емдеуге жол ашпақ. Жаңа әдіс аурудың алдын алуға да жағдай жасайды.
Мамандар рак пен өзекті жасушаларда белсенділі арта түсетін гендерді тапты. Егер гендердің белсенділігін арнайы препараттармен төмендетсе, онда рак жасушаларының өзін-өзі жою механизмі жұмыс істейді. Нәтижесінде ісік әрі қарай үлкеймейді немесе жоғалып кетеді. Осы әдістен рактың тұқым қуалайтындығын аңғаруға болады. Көптеген мамандардың пікірінше, адамның ДНҚ матрицасындағы кейбір жаңылысулар «жаман» жасушалардың пайда болуына және көбеюіне алып келеді.
Зерттеу қорытындысы көрсеткеніндей, ағзадағы дені сау жасушалар белгілі бір уақытта өледі де, орнына жаңалары пайда болады. Әрбір адамның ағзасындағы бұл процесс арнайы генетикалық бағдарламамен жіті бақыланып отырады. Рак жасушаларында бұл процесс жаңылысады, сондықтан ағзаны басқаша бағдарламалау керек. Сонда ғана ағза жұмыс қалпына қайта келіп, адам ауруынан жазылады.