Қ. Жұбанов атындағы АӨУ мен Қытайдың Ғылым және технология университетінің (USTC) ғалымдары бірге жаңа ғылыми жобаны іске қосты. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранты арқылы жүзеге асырылып жатқан жоба отқа төзімді әрі берік жаңа пластик материалдарын жасауға бағытталған. Бұл материалдар жел энергетикасында, кеме жасауда, құрылыс пен көлікте қолданылады.
Жоба аясында Ақтөбеге арнайы келген халықаралық деңгейде танымал зерттеушілер — Xin Wang, PhD (Associate Professor, h-index: 68) және Yanbei Hou, PhD (Professor, h-index: 34) — университет зертханасымен бірлесіп ғылыми жұмыстар жүргізіп жатыр. Жобаны университеттің «Полимерлер және композиттік материалдар» лабораториясы үйлестіреді. Зертхана жетекшісі – профессор Әмірбек Бекешев.
Ғалымдар базальт, охра және диорит сияқты минералдарды пластик құрамына енгізіп, оның беріктігі мен отқа төзімділігін арттыруды зерттейді. Сонымен қатар, жасанды интеллект арқылы материал құрамын алдын ала оңтайлы таңдау мүмкіндігі қарастырылған.
Дереккөз: https://zhubanov.edu.kz/kk/all-news/news/239/
Фото: Zhubanov.edu.kz