Ғылыми жаңалықтар

Ғалымға құрмет көрсетті

26.12.2013

4097

Жуырда ғана Еуропадағы көне оқу орындарының бірі Оксфорд университетінде «Ғылым мен білім» - саласында жыл сайын өткізілетін халықаралық Үздіктер саммиті өткен болатын.

Университет ректорлары мен әлем елдерінің инвесторлары шақырылған жиынға Еуропа ректорлары клубының президенті Вилл Гудхейер мен «Біліктілікті жетілдіру мен кәсіби білім және техникалық дамыту республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ бас директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы да болды.

Әлем назарын өзіне аударған айтулы жиында біздің жерлесіміз Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы «Әлем ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін» орденімен және данышпан Сократтың «Ғалымға құрмет» сөзі баральеф түрінде жазылған дипломмен марапатталды.
Сондай-ақ, ол Ұлыбритания заңымен құқы қорғалған түрде “The Name in Science” кавалерлік титулға иелік етті.

Ақпарат көзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар