Аустралияның Квинсленд университеті жанындағы Фрейзер институты зертханасының ғалымдары алғаш рет адам терісін толықтай имитациялайтын тері үлгілерін өсірді. Бұл сирек кездесетін генетикалық тері ауруларын емдеуге көмектесуі мүмкін, деп хабарлады ABC хабар тарату корпорациясы.
«Біз науқас балалары бар ата-аналарға ауыртпалық әкелетін бірқатар сирек ауруларды емдеудің жаңа тәсілдерін іздеуде біз үшін енді жаңа мүмкіндіктер ашылады деп санаймыз», – деді Фрейзер институтының директоры Кияраш Хосротехрани.
Теріні өсіру үшін қан тамырларын, капиллярларды, шаш фолликулаларын, тіндердің бірнеше қабаттарын және иммундық жасушаларды қалпына келтіруге көмектесетін дің жасушалары қолданылды. Ғалымдар алынған тері үлгісі жұқа және бір жасуша түрінен тұратын алдыңғы нұсқаларға қарағанда әлдеқайда жетілдірілгенін атап өтті.
ABC мәліметінше, ыстық климатымен ерекшеленетін Квинсленд штаты тері обырының ең көп тіркелуі бойынша әлемде бірінші орында. Атап айтқанда, жыл сайын штаттың 3,6 мыңнан астам тұрғынына меланома диагнозы қойылады.
Дереккөз: https://nauka.tass.ru/nauka/24842049
Фото: News.uq.edu.au