Сурет https://ult.kz/-тен алынды
М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің зерттеушілері Қазақстандағы қалалық тазарту құрылыстарының ағын суындағы қауіп тудыратын ластаушы заттарды анықтау және тазарту бойынша ғылыми зерттеу жасады.
Қазақстанда тұщы судың қолжетімділігінің төмендеуі өзекті мәселе болып саналады. Сондықтан суды және ағын суды тиісті түрде тазарту қажеттілігі күннен-күнге артып келеді. Қазіргі қоғам экономикалық қызмет барысында үлкен көлемде суды тұтынып, оны түрлі заттармен ластайды.
Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі қалалық тазарту құрылыстарының ағын суынан алынған сынамалардан 16-дан аса органикалық ластаушы заттар анықталды. Олардың ішінде кофеин, 1,7-диметилксантин, парацетамол (PCM), котинин және сульфаметоксазол (SMX) және тағы басқа қосылыстар бар. Осы ластаушы заттарды жою үшін және негізгі суды тазалау әдістерін әзірлеу үшін бағаналы саздар, Органо саз, магниттік саздар және белсендірілген көмірлерді синтездеп оларды ауыр металдар, бояғыштар және басқа да қауіпті заттар сияқты ластаушы заттардың әртүрлі кластарын жою тиімділігіне эксперименттік сынақ өткізілді.
Негізгі назар фармацевтикалық препараттарға, олардың метаболиттеріне және басқа да ластаушы заттарға аударылды, оларды концентрлеу және өлшеу үшін полярлы органикалық интегративті үлгілер (POCIS) қолданылды. Сондай-ақ зерттеуде Алматы және Жамбыл облыстарындағы тазарту құрылғыларының негізгі су сапасы көрсеткіштері талданды.
Тәжірибелер көрсеткендей, Органо саздар, MnFe2O4/магниттік саздар және белсендірілген көміртектер адсорбция процестері арқылы Ni(II) және метилен көк түстерін тиімді түрде жоятындығы анықталды. CWPO (сутегі асқын тотығын қолданатын каталитикалық тотығу) зерттеулері модификацияланған Zr - және Fe/Cu/Zr-PILCs су ортасында қалыпты жағдайда (50°C және атмосфералық қысым) 4-нитрофенолды (4-NP) тотықтырудың жоғары тиімді катализаторлары екені белгілі болды. Бағаналы саз негізіндегі материалдар табиғи саздармен салыстырғанда 4-NP тотығуында жоғары каталитикалық белсенділікті көрсетті. Әрі қарай полимерлі аралас композиттік мембраналар процестері сыналды, олар Органо саз және магниттік саздар негізінде синтезделді. Композиттік полимерлі сазды мембраналар жоғары көрсеткіш негізінде нәтижелер алынды, Органо саз және магниттік саздың қосылуы модельдік ластаушы ретінде алынған SMX-тің жоғары адсорбциясын көрсетті.
Нәтижесінде тазарту қондырғыларының ағын суындағы ластаушы заттарды жою үшін полимерлі аралас матрицалық мембраналарды қолдана отырып тазарту әдістері ұсынылды.
Ғылыми-зерттеу жұмысы: «Қазақстандағы қалалық тазарту құрылыстарының ағын суындағы қауіп тудыратын ластаушы заттарды анықтау және тазарту»
Ғылыми жетекші: Калмаханова М.С., PhD доктор