Әлемдегі ғылым

Ресейлік ғалымдар миына нейроимплант орнатылған егеуқұйрықтарды стратосфераға ұшырды

26.06.2025

325



Ресейдегі Neiry биотехнологиялық зертханасының ғалымдары миына нейроимплант орнатылған бес егеуқұйрықты стратосфераға жіберді. Бұл ғылыми тәжірибе мидың нейроинтерфейс арқылы мұндай жағдайларға бейімделу қабілетін тексеру мақсатында жасалды. 

Егеуқұйрықтар Ресейдің Space Pi атты стратостатында ұшырылды. Мұнда ауа қысымы сақталған, автономды тіршілікпен қамтамасыз ету жүйесімен, температура, қысым және газ ортасын бақылау модульдерімен, сондай-ақ бейнебақылау және телеметрия жүйелерімен жабдықталған герметикалық капсулалар бар. Стратосфераға жіберу таңертең Ярослав облысында жүзеге асырылды, ұшу 1,5 сағатқа созылды. Аппарат ұшырылған жерден 80 шақырым қашықтықтағы орманға қонған. 

Neiry компаниясының мәліметінше, бұл тәжірибе арқылы ғалымдар стратосфера жағдайында нейроинтерфейстердің, оның ішінде жасанды интеллектпен біріктірілген жүйелердің жұмысын сынақтан өткізді. Сонымен қатар олар имплант орнатылған мидың ауыр жүктемелерге, радиацияға, температура ауытқуларына, үдеу күшіне және тұйық кеңістікке реакциясын зерттеді. Компанияның хабарлауынша, мұндай факторларды тек ұшу жағдайында ғана жасауға болады. 

«Жасанды интеллект қосылған инвазивті нейроинтерфейстер болашақта адамдар үшін таптырмас көмекшіге айналады. Олар ең алдымен ұшқыштар мен ғарышкерлер сияқты ең жауапты қызметтер мен мамандықтарда қолданылады деп есептейміз. Сондықтан мұндай технологияларды дәл қазірден бастап сынақтан өткізу қажет», – деді Neiry компаниялар тобының негізін қалаушы Александр Панов. 

Дереккөз: https://ria.ru/20250625/uchenye-2025243144.html


«« | »»
Соңғы жаңалықтар