Қазақстан ғылымы

ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ ЖАС ҒАЛЫМ ӨНДІРІСКЕ ҚАЖЕТ ТЫҢ ӘДІСТЕМЕ ОЙЛАП ТАПТЫ

26.06.2025

334



Қарағандылық жас ғалым Медғат Мұсаев өндірістегі кескіш құралдарды қайта қалпына келтіретін тың әдістеме ойлап тапты. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. 

Медғат Мұсаев – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы. Ол өзінің кәсіби жолында ғылым мен өндірістің өзара байланысын терең зерттеп келеді. 

Бүгінде жас ғалым «Шинатескіш станок құралының тозуға төзімділігін арттыру және құрылымын жетілдіру» тақырыбындағы ғылыми жобаны жүзеге асырып жатыр. Оның айтуынша, әзірленген технологияның әлеуетті тұтынушылары – тескіш станоктары бар отандық өнеркәсіптік кәсіпорындар. Әзірленген технология сондай-ақ сол құралдың құрама конструкциясы коммерцияландырудың жоғары деңгейіне ие.

Медғат Мұсаев – өндірісті ғылыммен ұштастыра отырып, ғылым мен жоғары білім саласында ел экономикасын өркендетуге өз үлесін қосып келе жатқан дарынды жас ғалымның бірі.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар