Әлемдегі ғылым

Батареясыз, өздігінен жұмыс істейтін датчиктер әзірленді

28.03.2024

463



Массачусет технологиялық институтының зерттеушілері қоршаған ортадан энергия жинай алатын батареясыз, өздігінен жұмыс істейтін датчикті ойлап тапты. 

Құрылғының бірегей ерекшелігі – ол зарядтап немесе ауыстырып жататын аккумуляторды қажет етпейді. Арнайы сымдарды қажет етпейтінін ескере отырып, мұндай датчикті қол жетпейтін қиын жерге, мысалы, кеме қозғалтқышының ішкі бөлігіне салуға болады. Онда ол ұзақ уақыт бойы машинаның қуатты тұтынуы мен өнімділігі туралы деректерді автоматты түрде жинай алады. 

Зерттеушілер сымның айналасындағы ашық ауада пайда болған магнит өрісінен энергия жинайтын температураға сезімтал құрылғы жасады. Сенсорды жай ғана электр тогын тасымалдайтын сымға (мысалы, қозғалтқышты қуаттандыратын сым) қосуға болады және ол автоматты түрде қозғалтқыштың температурасын бақылау үшін пайдаланатын энергияны жинап, сақтайды. 

Әмбебап дизайн магнит өрісінің энергиясын жинайтын датчиктермен шектелмейді және діріл немесе күн сәулесі сияқты басқа қуат көздерін пайдаланатын датчиктерге де қолданылуы мүмкін. Ол зауыттар, қоймалар және коммерциялық үй-жайлар үшін датчик желілерін құру үшін пайдаланылуы мүмкін, оларды орнату және қызмет көрсету арзанға түседі.  

DOI: 10.1109/JSEN.2023.3336529


«« | »»
Соңғы жаңалықтар