Қазақстан ғылымы

Инновациялық жолаушылар пневматикалық көтергішінің үлгісі әзірленуде

27.03.2024

416



Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ғылыми-зерттеу тобы ғимараттар мен құрылыстарға арналған жолаушыларды инновациялық пневматикалық көтергішінің тәжірибелік-өнеркәсіптік үлгісін жасаумен айналысуда. 

Жеңіл жолаушылар лифтінің нарығы жаңғыртуды қажет етеді. Қазіргі таңда Қазақстанда стандартты қызмет ету мерзіміне жеткен 5 000 лифт жұмыс істейді («Қазақстан лифт операторларының ұлттық қауымдастығы» АҚ мәліметтері бойынша). Осыған ұқсас жағдай басқа ТМД нарықтарында да байқалады.

Отандық жолаушыларға арналған пневматикалық көтергіштер нарықтағы ең қауіпсіз жабдықты қамтамасыз ете отырып, бұл мәселені шешеді деп сенеді мамандар. 

Пневматикалық көтергіштердің арқандармен және басқа түрлермен (гидравликалық, тірек және тісті және т.б.) салыстырғанда маңызды артықшылықтары бар. Оның дизайны қарапайым және пайдалануда қауіпсіз. Лифтің көтеру биіктігі де шексіз болып келеді. Отандық әзірлемені дайындауда және оны ортануда көп шығын шықпайды. Сондай-ақ, шахтаның астындағы қуыстарда сығылған ауаның шамадан тыс қысымы пневматикалық көтергіш үшін қолайлы динамикалық жұмыс жағдайларын жасайды. 

Жобаның әдістемесі машина жасаудың және электротехниканың теориялық негіздеріне, пневматикалық құрылғылар мен жүйелерге, математикалық статистикаға, тәжірибе нәтижелерін өлшеу және өңдеу әдістеріне және жобалау жұмыстарына арналған мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету әдістеріне негізделген. 

Нәтижесінде жобалық құжаттамалар пакеті әзірленіп, жолаушыларға арналған пневматикалық көтергіштің тәжірибелік үлгісі жасалады.

Жобаның әлеуетті тұтынушыларына орта және көпқабатты тұрғын үйлер, бизнес орталықтары және басқа да әкімшілік ғимараттар жатады. Александр Таранов бастаған ғылыми топ жұмыстың басты принципі мен техникалық мүмкіндіктерін әзірлеп, коммерциялық пневматикалық жүк көтергішінде сынақтан өткізген. 

Жолаушыларға арналған отандық пневматикалық көтергіштерді дамыту нарыққа сипаттамалары бойынша шетелдік аналогтардан жоғары болатын отандық, экспортқа бағытталған шешімді ұсынуға мүмкіндік бермек. 

Жобаның мақсаты – жолаушылар пневмолифтінің тәжірибелік өнеркәсіптік үлгісін жасау, сондай-ақ конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу. 
 

«« | »»
Соңғы жаңалықтар