Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығының ғалымдары тұзды суды тұщыландыру үшін минералды шикізат негізінде тиімді және қолжетімді агенттерді жасауды ұсынып отыр.
Жоба тұзды суды тұщыландыру үшін минералды шикізат негізінде агенттер алуға бағытталған. Таза ауыз су – адамның ең маңызды қажеттіліктерінің бірі.
БҰҰ мәліметтері бойынша, қазірдің өзінде 1,2 миллиардтан астам адам тұщы су тапшылығы жағдайында өмір сүріп жатыр, 2 миллиардқа жуық адам болса тіптен зәру.
ФАО (Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы) болжамдары бойынша, 21 ғасырдың үшінші онжылдығы ортасына қарай тұрақты су тапшылығын сезінетін адамдардың саны 4 миллиард адамнан асады.
ҚР Экология министрлігінің болжамы бойынша 2040 жылға қарай Қазақстанда ауыз су тапшылығы күтілуде. Сондықтан тұщы ауыз су алудың жаңа қолжетімді әдістерін әзірлеу өте өзекті мәселе болып табылады.
Отандық ғалымдар қолға алып отырған ғылыми зерттеудің басты мақсаты – минералды шикізат (цеолит, саз) негізінде әртүрлі химиялық реагенттермен (қышқылдар, негіздер, тұздар) өңдеу арқылы тұзсыздандыру құралдарын дайындау; Na+, K+, Cl- иондарының (тұзды судың негізгі компоненттері) алынған тұзсыздандыру агенттерінің статикалық режимде адсорбциялану тиімділігін зерттеу.
Сонымен қатар алынған агенттерді динамикалық режимде (су ағынында) пайдалану мүмкіндігі үшін полимерлі матрицаларға капсулдау; динамикалық режимде тұзсыздандыру үшін алынған капсулалардың Na+, K+, Cl- иондарын (тұзды судың негізгі компоненттері) адсорбциялау тиімділігін зерттеу; динамикалық режимде тұзсыздандыру үшін алынған капсулалардың Na+, K+, Cl- иондарын (тұзды судың негізгі компоненттері) адсорбциялау тиімділігін зерттеу; минералды шикізат негізінде алынған агенттер мен капсулаларды регенерациялау мүмкіндігін зерделеу; өсімдіктер үшін микроэлементтердің көзі ретінде пайдаланылған заттарды қайта өңдеу мүмкіндігін зерттеу қарастырылған.
Модификацияланған цеолит пен шамот сазды су объектілерін әртүрлі ластаушы заттардан тазарту үшін пайдалануға болады. Табиғи цеолит пен шамот сазына негізделген сорбенттер тұзды суды тұщыландыру үшін сәтті қолданылды деп отыр ғалымдар.
Алынған агенттерді дистилляция және кері осмос сияқты физикалық әдістермен бірге пайдалану өндірілген судың өзіндік құнын, энергия шығындарын айтарлықтай төмендетеді, сонымен қатар дистилляция және кері осмос қондырғыларының қызмет ету мерзімін арттырады.
Осылайша, жоба өнімінің мақсатты тұтынушысы тұзды суды тұщыландырудың физикалық әдістерін қолданатын және оның өзіндік құнын төмендетуді қажет ететін өңірлер мен кәсіпорындар болуы мүмкін.