Әлемдегі ғылым

Жарық сұйықтықтың булану процестеріне жылу сияқты тиімді әсер етеді

09.11.2023

858


Сурет https://oir.mobi/675780-kapli-vody.html сайтынан алынды 

Массачусет технологиялық институтының зерттеушілер тобы жарық пен сұйықтықты зерттеу барысында таңғаларлық қорытындыға келді. Яғни, белгілі бір жағдайларда су мен ауа арасындағы шекарада жарық жылуды қажет етпестен тікелей булануы мүмкін. Оның үстіне, ол мұны жылудан да тиімдірек жүзеге асырады.  

Соңғы жылдары кейбір зерттеушілер өз тәжірибелерінде гидрогель деп аталатын губка тәрізді материалдың құрамындағы судың жылу немесе жылу энергиясының мөлшерімен түсіндірілуі мүмкін емес жоғары жылдамдықпен буланғаны анықталған болатын. Булану жылдамдығы әдеттегіден 3 еседен және одан да көп мөлшерді көрсеткен.  

Зерттеушілер бұл құбылыс тұман мен бұлттардың қалыптасуы мен эволюциясында рөл атқаруы мүмкін деп санайды. Сондықтан олардың дәлдігін жақсарту үшін оны климаттық модельдерге қосу маңызды. Сондай-ақ көптеген өнеркәсіптік процестерде маңызды рөл атқаруы ықтимал деп отыр ғалымдар.  Мысалы, күн сәулесімен суды тұщыландыру немесе күн сәулесінің жылуға айналу кезеңіне балама ретінде пайдалануға мүмкіндік бар.  

DOI: 10.1073/pnas.2312751120


«« | »»
Соңғы жаңалықтар