Айтулы шара

22.10.2014 Ғылымдар ғылыми ақпаратты тиімді пайдаланып жүр ма?

Жаһандану кезеңінде ғылыми ақпарат алмасы еліміздің индустриалды-инновациялық дамуында ерекше рөл атқарады. Өйткені ғылымы дамыған елдің әлеуметтік-экономикалық ақуалы арта түсетіні белгілі.
Осы ретте «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-да «Сырт елдің ғылыми ақпараттық ресурсын қолдану: тәжірибесі мен келешегі» деген тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті. Шараға шетелдік компаниялар мен ҚР Білім және ғылым министрі Ғылым комитетінің төрағасы Сансызбай Жолдасбаев, ЖОО мен ҒЗИ басшылары, Ұлттық кәсіпкерлік палатасына жауапты тұлғалары қатысты. Дөңгелек үстел аясында ақпараттық ресурсқа қосылудың жаңа моделі, ғылым және білім беру саласында халықаралық ғылыми ақпараттық ресурстарды пайданып инновациялық қызметтің тиімділігін арттыру, халықаралық ғылыми ақпараттық ресурсқа қосылудағы мемлекеттік қолдаудың іс-тәжірибесі, ғылыми ақпараттық ресурстың сараптамалық құрал ретіндегі мәні және халықаралық ғылыми ақпараттық ресурсты тиімді бағытта пайдаланудың іс-тәжірибесі талқыланды. Шетелдік Thomson Reuters, Elsevier, Springer компанияларының өкілдері Қазақстанның ғылыми базалармен жұмыс істеудегі мүмкіндіктеріне сараптама жасап, алдағы уақытта бірге атқарар жоспарларымен бөлісті.
«ҰҒТАО» АҚ президенті Әділ Ибраев Web of Science және Scopus мәліметтер базасында 11158 және 9869 қазақстандық ғылыми жарияланымдардың бар екендігін атап өтті.
– Шетелдік мәліметтер базасына кіргеннен кейінгі 3 жыл ішінде қазақстандық ғалымдардың мақалаларының жариялану саны 2-3 есеге өскен. Аталған мақалалар 1000-нан астам басылымдарда жарық көрген, оның 70 пайызға жуығы нөлдік импакт-фактор көрсеткішіне ие, – деді. Бүгінде «ҰҒТАО» АҚ-ы республика аумағындағы ғылыми мекемелер, білім беру ұйымдарын және жалпы ғылыми ортаны электронды халықаралық ғылыми мәліметтер базасына тегін қосып, ғылыми ақпаратпен толықтай қамтамасыз етіп келеді. Халықаралық ғылыми мәліметтер қоры Қазақстандағы ғылыми-техникалық қызметті жандандырып, ғылымды қажетсінетін экономика құруға негіз болуда.

Қазақстандық ғалымдар ғылымның әр саласы бойынша өз зерттеу жұмыстарын шетелдік базаларда жариялауда. Отандық ғалымдар әлемдік ғылым айдынына физика, химия, матерматика, материалтану салалары бойынша үлес қосып келе жатқаны дөңгелек үстел барысында айтылды. Ал әлем бойынша қарқынды дамып келе жатқан өмір туралы ғылым бізде керісінше өте аз зерттеледі екен. Десе де экономика, педагогика сынды қоғамдық ғылымдар бойынша жарияланған мақалар саны біршама артқан. Әлеуметтік ғылым саласына деген қажеттілік деңгейі өте төмен, сонымен қатар өнер және гуманитарлық ғылым салалары бойынша жарияланған еңбектер сілтемелік көрсеткіштерге ие болмағаны да айтылды.
Шара барысында ойға түйгеніміз – отандық ғылымның шетелдік ғылыммен ықпалдастық үдерісіне түскендігін байқадық. Әсіресе ағылшын тілін жетік меңгерген ғалымдарымыз шетелдік әріптестерінің еңбектерімен кеңірек танысуға мүмкіндік алған. Бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған ақпарат кімнің қолында болса, сол әлемді билейді деген қағида отандық ғылым саласына да ене бастағандығына көзіміз жете түсті.

2788
Қатысушылар
Қатысу