| 11.04.2017 Отандық ғылыми журналдарды ғылымның дамуына қызмет етуі тиіс |
Бүгін «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-да «Ғылыми журналдар сапасының халықаралық стандарттары» деген тақырып аясында жиын болып өтті. Айтулы шараға ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Абдрасилов, «ҰМҒТСО» президенті Әділ Ыбыраев, Thomson Reuters, Springer халықаралық ғылыми мәліметтер базасының өкілдері мен еліміздегі ғылымыи журналдардың бас редакторлары қатысып, отандық ғылыми журналдарды дамытудың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылады.
– Құрметті әріптестер, Сіздерді алдағы төл мерекелеріңіз «Ғылым күнімен» шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде еліміз бойынша ғылым саласында 25 мыңнан астам азамат еңбек етеді. Бұл үлкен әлеуетті күш екені сөзсіз. Қазіргі дамыған заманда ғылым экономикалық дамудың драйверіне айнылғанын бәріміз білеміз. Осыдан біршама уақыт бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық академиясының 70 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған салтанатты жиында ғылым саласында еңбек етіп жүрген азаматтарға көптеген жауапкершілік жүктеп, ел экономикасын ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінде дамытудың маңызы зор екенін айтқан болатын. Осы бағытта біздерді зор міндеттер күтіп тұр, – деді Болатбек Абдрасилов.
– Еліміздегі ғылыми журналдарды заман талабына сай шығару маңызды міндеттердің бірі екені анық. Бұл мәселені Президент Ұлттық ғылым академиясының мерейтойында бекер қозғаған жоқ. Қазіргі таңда Қазақстан ғылымы әлемдік ғылыми қауымдастықпен күн өткен сайын ынтмақтастық аясын кеңейтіп келеді. Мұндай жағдай елімізде жарық көретін ғылыми журналдар да заманауи трендтерге ілесіп, ғылымның көкжиегін кеңейтуге өз үлесін қосуы керек. Сол себепті бүгін елімізде шығатын ғылыми журналдарды дамыту маңызды бағыттарын өздеріңізбен бірлесіп айқындау үшін арнайы жиналып отырмыз. Көкейде жүрген пікірлеріңізді айтып, ел мүддесі жолындағы ортақ мақсатқа бірігіп қол жеткізуге өз үлестеріңізді қосуға шақырамын, – деп комитет басшысы ғалымдарды ғылыми журналдарды дамытуға өз үлестерін қосуға шақырды.
«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі |
| Қатысу |