| 02.09.2014 Гранттық қаржыландыру ғылыми кадрлардың әлеуетін арттырады |
Таяуда ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ғылым комитеті 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бойынша өтінімдерді даярлау үшін конкурстық құжаттаманы қабылдайтындарын хабарлаған болатын. Гранттық қаржыландыру отандық ғылымды дамытудағы маңызды қадам екені белгілі. Сол себепті «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ы (МҰҒТСО) «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ның (ҰҒТАО) үлкен мәжіліс залында Алматыдағы ғалымдар мен ізденушілердің басын қосып, гранттық қаржыландырудың мәні мен мазмұнын түсіндірді. Астанадан арнайы келген Ғылым комитетінің Ғылыми зерттеулер және инновациялық қызмет басқармасының бас сарапшысы Арыстан Иманғазиев пен «МҰҒТСО» АҚ-ның президенті Асанбай Жұмабеков көкейде жүрген ойларын ортаға салып, ғалымдардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді.
Ескерту:
|
| Қатысу |