Алматыда «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ объектілерінде Қазғарыштың баспасөз туры өтті 2016 жылғы 15 маусымда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ («ҰҒЗТО» АҚ) базасында «Жақын және алыс ғарыш – Қазақстанның бақылау базалары» атты тақырыптық баспасөз туры өтті. Аталған іс-шараның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Қазғарыш) және «ҰҒЗТО» АҚ болды. Баспасөз туры Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы мен Адамзаттың ғарышқа алғаш ұшуының 55-жылдық мерейтойын атап өту жылына орай ұйымдастырылғандығын атап өткен жөн. «ҰҒЗТО» АҚ объектілерінде баспасөз турын өткізе отырып, Қазғарыш Қазақстанның ғарыш саласындағы кәсіпорындардың қызметімен таныстыру іс-шаралары кезеңін жалғастырады. Бірінші объект Тянь-Шань биік таулы астрономиялық обсерваториясы (теңіз деңгейінен 2700 метр биіктікте) болды, объектімен танысу барысында айнасының диаметрі 1 метр болатын оптикалық телескопының жұмысы көрсетілді. Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы (ТШАО) «В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты» ЕЖШС-тің (ФААИ) бақылау базасы болып табылатындығын атап кеткен жөн. Өткен ғасырдың 90-шы жылдары КСРО тарағаннан кейін телескоптарды басқару жүйесі істен шығуы және оларды жөндеуге қажетті бөлшектердің болмауы салдарынан ТШАО-ның екі бір метрлік телескоптарының біреуі де жұмыс істеген жоқ. ТШАО ФААИ басқаруына берілгеннен кейін институт күшімен қолда бар телескоптарды жаңғырту және автоматтандыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. 2013 жылы 1 метрлік «шығыс» телескопының, ал 2014 жылы екінші 1 метрлік «батыс» телескопының жаңғыртылуы мен автоматтандырылуы аяқталды. Екі телескопта да астроном-бақылаушы жұмысының тиімділігін арттыру үшін айтарлықтай маңызды жылытылатын ғимараттардағы көрші телескоптардан оларды қашықтықтан бақылауға мүмкіндік беретін басқарудың жаңа жүйесі орнатылды. Онымен қатар, қазіргі таңда Алматы қаласында немесе ғаламторға қолжетімді кез келген басқа орындардан да (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден де) маманға астрономиялық бақылауларды жүргізуге мүмкіндік беретін ғаламтор арқылы телескоптармен алыстан басқару ретке келтірілген. Сөйтіп, ТШАО эксперименттік базасын қайта қалпына келтіру және жаңғырту бойынша жүргізілген ауқымды жұмыстар қазіргі таңда ТШАО-ның жоғары ғылыми деңгейде астрофизикалық бақылауларды жүргізуге мүмкіндік береді. ТШАО-ның 1 метрлік телескоптарымен қашықтықтан басқару біздің жас ғалымдар мен студенттерге қазірдің өзінде халықаралық жобаларға, болашақта ғарыш телескоптарында жүзеге асырылатын халықаралық бағдарламаларға қатысуына мүмкіндік береді. Келесі танысу объектісі «Орбита» радиополигоны болды, оның күн радиосәулесін тіркеу үшін қолданылатын ТНА-57 12 метрлік антеннасы, түнгі аспандағы мезопауза аймағындағы жарқырау қарқындылығын тіркейтін оптикалық жабдықтар мен спутниктік дабылдар радиоқабылдағышы бар. 2011 жылдың мамыр айында «Орбита» полигонындағы радиотелескоп 45-870 МГц диапазондағы кездейсоқ күн радиосәулесі спекторлық сипаттамасы туралы ақпаратты алу үшін e-Callisto сәулелік спектрографымен жабдықталған болатын. Осы спектрограф әлем бойынша 24 бекетті (Швейцария, Бельгия, Финляндия, Ирландия, Чех Республикасы, АҚШ, Бразилия, Ресей, Қазақстан және т.б.) қамтитын, Цюрих Астрономия институты (Швейцария) ұйымдастырған халықаралық жүйеге кіретін күнді спектрографикалық бақылау қолданылатын жарқырау белсенділігінің гео-тиімділігін болжау және түрлі типтегі күннің радио жарылыстарын тіркеуге мүмкіндік береді. Осы спектрографтардың халықаралық жүйесі күнді жер үстінен 24 сағат, яғни тәулік бойы бақылауды қамтамасыз ете алатындын да атап өткен жөн. Қазіргі уақытта күн белсенді жарқырауына тікелей қатысты кездейсоқ пайда болатын компоненттер мен күн белсенділігі цикліндегі радио сәулелену компонентерінің баяу өзгеру тәртібі бақыланады. Бұл Жер магнитосферасы мен ионосферасындағы және күннің өзінде болып жатқан физикалық процестерді зерттеу кезінде жеке қызығушылықтарды ұсынады. Қазіргі күні «Орбита» полигоны (Радиополигон) ғарыштық ауа-райын бақылау қажеттіктері үшін күн белсенділігі параметрлерінің бірі – күн радио сәулесі ағынына жоғары сапалы және жүйелі мониторинг жасауды қамтамасыз етеді. Радиополигон – бұл Оңтүстік Азия өңірінде Күннің радио сәулесін бақылайтын жалғыз пункт, оның деректерін ғарыштық ауа-райын болжау жөніндегі көптеген орталықтар пайдаланады. «ҰҒЗТО» АҚ-тың президенті Шыңғыс Омаров: «Еліміздегі кез келген маңызды саланың ғылыми базасыз толыққанды дамуы мүмкін емес. Оның үстіне, ғарыш саласы ғылымды қажет етеді. Бүгінде ғарыш саласы барлық экономикаға жиынтық нәтиже беретін сегмент болып табылады. «ҰҒЗТО» АҚ-қа бағытталған, Қазақстанда іргелі және қолданбалы ғарыштық зерттеулердің жақсы ғылыми базасы бар, оны бүкіл елдің мүддесі үшін дамыту қажет», – деп атап өтті. Баспасөз турының аяғында БАҚ үшін брифинг ұйымдастырылды, оның аясында «ҰҒЗТО» АҚ басшылығы мен ғылыми қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қойған барлық сұрақтарына толық жауап берді.  2400 |