| 18.08.2015 Қызылорда облысында мұғалімдердің жыл сайынғы тамыз конференциясы ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың және облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен өтті |
Мұғалімдердің отырысында алғаш рет аудандардың тұрғындарымен селекторлық кері байланыс ұйымдастырылды, олар министрге онлайн режимінде сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Аслан Сәрінжіпов: «Қызылорда өз жетістіктерімен қуантады» -деп, аймақтың білім саласына жоғары баға берді және Қызылорда облысындағы әріптестердің жұмысына табыс тіледі. Осылай, республикамызда 25 жасқа дейінгі жас кадрлардың үлесі 11 пайызды құрайды, ал Қызылорда облысында - 16. Енді ғылыми дәрежесі бар магистр оқытушылардың санын арттыру қажет. Конференция барысында, бірқатар мұғалімдер «Ыбырай Алтынсарин» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» ҚР БҒМ төс белгісімен; облыс әкімінің дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Арнайы марапат № 9 қазақ-түрік лицейіне бұйырды. Халықаралық жарыстардағы көптеген жеңістері және тұрақты жоғары көрсеткіштеріне орай лицей ұжымы 17 миллион теңге көлемінде грантқа ие болды. Дереккөзі: edu.gov.kz |
| Қатысу |