Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов Астана қаласында IOI-2015 халықаралық олимпиада көшбасшыларымен кездесті. Олимпиаданың екі кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 4 медаль алды және жалпы командалық есеп бойынша 8 орынды иеленді. Аслан Сәрінжіпов жеңімпаздарды құттықтап, еңбектеріне алғыс білдірді және естелік сыйлықтар тарту етті. Жыл сайынғы 27-ші Халықаралық информатика олимпиадасы (IOI-2015) 2015 жылғы 26 шілде мен 2 тамыз аралығында Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында өтті. Білімгерлер сайысына әлемнің 83 мемлекетінен 324 үміткер қатысты. Еске сала кетейік, ТМД елдері ішінде Қазақстан Белоруссиядан кейінгі (1990) информатика пәнінен Халықаралық оқушылар олимпиадасын өткізу құқығына ие болған екінші мемлекет, 2016 жылы олимпиаданы Қазан қаласы қабылдайды (РФ). Қазақстан құрамасы жақсы жетістіктерге жетіп төрт жүлделі орынға ие болды: Мейрамбек Өмірзақ – қазақ-түрік лицейінің түлегі, Алматы қ. (күміс медаль); Данияр Маминов - қазақ-түрік лицейінің түлегі, Алматы қ. (қола медаль); Бекжан Бекболатұлы - қазақ-түрік лицейінің түлегі, Ақтау қ. (күміс медаль); Назарбек Алтыбай - қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушысы, Ақтөбе қ. (күміс медаль); Описание: https://ssl.gstatic.com/ui/v1/icons/mail/images/cleardot.gif Анықтама. 2015 жылғы мамыр мен шілде аралығында Қазақстан командаларының құрамасы жалпы орта білімдік пәндер бойынша Халықаралық олимпиадада келесі көрсеткіштерді көрсетті: 1. 16-шы Азиялық физика олимпиадасы (Ганджоу, ҚХР). 25 команда қатысты. Қазақстан: 1 алтын медаль. 2. Балқан математика олимпиадасы (Афина қ., Грекия Республикасы). Балқан түбегі елінен 21 команда қатысты. Қазақстан: 6 қола медаль. 3. Оқушылардың химиядан Менделеев олимпиадасы (Ереван қ., Армения). 16 мемлекет командалары қатысты. Қазақстан: 1 қола және 3 қола медаль. 4. Жасөспірімдер арасындағы 19-шы Балқан математика олимпиадасы (Белград қ., Сербия). 19 мемлекет командалары қатысты. Қазақстан: 2 күміс және 4 қола медаль. 5. «Туймаада» Халықаралық математика, информатика, физика және химия олимпиадасы (Саха Республикасы, Якутия). 20 команда қатысты. Қазақстан: 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль. 6. 46-шы Халықаралық физика олимпиадасы (Мумбай қ., Үндістан). 83 мемлекет командалары қатысты. Қазақстан: 1 алтын, 1 қола медаль (15 орын). 7. 56-шы Халықаралық математика олимпиадасы (Чианг Май қ., Тайланд). 16104 мемлекет командалары қатысты. Қазақстан: 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль (25 орын). 8. Халықаралық химия олимпиадасы (Баку қ., Әзербайжан). 75 мемлекет командалары қатысты. Қазақстан: 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль (15 орын.) 9. 27-ші Халықаралық информатика олимпиадасы (Алматы қ., Қазақстан). 83 мемлекет командалары қатысты. Қазақстан: 3 күміс, 1 қола медаль (8 орын). Дереккөзі: edu.gov.kz  2517 |