| 24.04.2015 Thomson Reuters сенімді серіктес |
Бүгін «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-да Thomson Reuters компаниясының Ресей және ТМД елдері бойынша басқарушы директоры Петр Марчевски мырза «ҰҒТАО» АҚ президенті Әділ Ыбыраевпен кездесіп, екі жақты байланысты кеңейту мәселесін талқылады.
– Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ғылымды дамытуға айрықша көңіл бөліп, қазақстандық ғалымдардың халықаралық ғылыми мәліметтер қорын еркін пайдалануына барынша жағдай жасап келеді. Біздер Қазақстан мен Thomson Reuters компаниясының арасындағы байланыс қазақ ғылымның көкжиегін кеңейе түскенін қалаймыз. Бүгінде қазақ ғалымдары өздерінің ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарын ел ішінде патенттеуде. Таяуда Thomson Reuters компаниясының патенттік базасын қарағанымызда Қазақстаннан бар болғаны 18 патент тіркелгенін байқадық. Шындығында Қазақстанда жыл сайын жүздеген патент тіркеледі. Алдағы уақытта қазақстандық ғалымдардың патенттерін Thomson Reuters компаниясының базасына көптеп енгізуде бірлесіп жұмыс істеуді ұсынамыз. Орталық бұл бағытта маңызды жұмыстарды қолға алып, арнайы патентке ие ғалымдардың басын қосып, олардың ой еңбегін іске асыратын инвесторларды іздестіріп жатқан жаймыз бар. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарымызға Орталық Азия елдерінің ғалымдарын да тартуды көздеп отырған жайымыз бар. Бұл бағытта сіздердің Қазақстандағы өкілдеріңізбен тізе қосып жұмыс істеуге дайынбыз, – деді. Осылайша тараптар екі жақты байланыстың маңызды бағыттарын сөз етті. Thomson Reuters компаниясының басқарушы директоры Петр Марчевски арнайы жұмысшы тобын құрып маңызды бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін білдір. |
| Қатысу |