| 06.04.2015 Елбасы «ЭКСПО-2017» кешенін 2016 жылғы қыркүйекте дайын етуді тапсырды |
Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017» Көрме кешенінің болашақ халықаралық, тақырыптық павильондарының, сондай-ақ сауық және қызмет көрсетуші нысандарының макеттерімен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен. Кешенді аралап көргеннен кейін, Қазақстан Президенті кеңес өткізіп, құрылыс жұмыстарының барысына тоқталды. Мемлекет басшысы іске қосу және әрлеу жұмыстарын жүргізу үшін «ЭКСПО-2017» кешенін 2016 жылғы қыркүйекке дейін дайын ету қажеттігін айтып, жұмыс кестесін сақтау мәселесін атап өтті.
Дереккөзі: inform.kz |
| Қатысу |