Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті жұқпалы аурулар жөніндегі ұлттық ғылыми орталықпен, Орталық Азия және Кавказ биологиялық қауіпсіздік қауымдастығымен (BACAC), сондай-ақ GIZ арқылы жүзеге асырылатын Германияның биологиялық қауіпсіздік бағдарламасымен бірлесе отырып, алдағы өтетін «Болашақтағы биологиялық қауіпсіздік пен биоқорғау мәселелері» халықаралық конференциясын өткізу туралы қуана хабарлайды.
Іс-шара 2025 жылғы 15–16 қазанда Қазақстанда Алматы қаласында өтеді.
Конференцияға Орталық Азия, Кавказ және Шығыс әріптестік елдерінен, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтан биологиялық қауіпсіздік пен биоқорғау саласының жетекші сарапшылары, зерттеушілер және стратегиялық шешім қабылдаушылар қатысады. Олар өзара тәжірибе алмасып, өзекті биологиялық қатерлер мен биологиялық қауіпсіздік саласындағы жаһандық сын-қатерлерге бірлесіп әрекет ету жолдарын талқылайды.
Биологиялық қаруға тыйым салу туралы конвенцияның (БҚТСК) 50 жылдығына арналған бұл жылы оның нығаюына және институционалдық дамуына айрықша назар аударылады.
Негізгі тақырыптар мыналарды қамтиды:
· Синтетикалық биология мен гендік редакттеу саласындағы жетістіктер (мысалы, CRISPR-Cas9)
· Биоинженерия мен патогендерді жобалаудағы жасанды интеллект
· «Айна биологиясы» — биологиялық қатерлердің жаңа сыныбы
· Биотехнологиялардың демократиялануы және гендік инженерия құралдарына қолжетімділік
· Генетикалық деректердің цифрлануы және қауіпсіздігі
· Биотерроризмнің жаңа қатерлері және қауіп векторларының өзгеруі
· Климаттың өзгеруінің эпидемиологиялық қадағалау мен биологиялық қауіпсіздікке әсері
· Биологиялық қауіпсіздік пен биоқорғау саласындағы этикалық, құқықтық және нормативтік негіздер
Ұйымдарға конференцияда талқылауға құнды үлес қосатын білімі мен тәжірибесі бар бір немесе екі сарапшыны жіберу ұсынылады.