Халықаралық гранттар

Еуропалық Одақтың Horizon Europe (Горизонт Еуропа) шеңберлік бағдарламасы

«Горизонт Еуропа» (Horizon Europe) – Еуропалық Одақтың зерттеулер мен инновациялар саласындағы тоғызыншы шеңберлік бағдарламасы, ең көп қаржыландыру көлемі 95,5 миллиард еуроны құрайды. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – 2021-2027 жылдар аралығы. 

Бағдарлама ынтымақтастықты дамытуға және жаһандық мәселелерді шешу үшін ЕО саясатын әзірлеу, қолдау және іске асыру процестеріндегі ғылыми зерттеулер мен инновациялардың рөлін нығайтуға бағытталған. Ол озық білім мен технологияларды тарату процесін құруға және жетілдіруге қолдау көрсетеді. Конкурстардың көпшілігі кем дегенде 3 ұйымнан тұратын консорциумның болуын талап етеді, ал кем дегенде бір ұйым Еуропалық Одаққа мүше елден болуы керек. 


Конкурсты іріктеуге және өтінім беруге арналған веб-портал https://ec.europa.eu/info/funding-tenders/opportunities/portal/screen/home

Егер бағдарлама бойынша сұрақтарыңыз бар болса, Қазақстандағы ЕО-ның шеңберлік бағдарламалары жөніндегі Ұлттық үйлестіру орталығы — «Ғылым қоры» АҚ-ға жүгіне аласыз. horizon.europe@science-fund.kz