Ғалымдар қайталама қуат көздеріне арналған ванадий электролитін алу технологиясын әзірлеуде 
Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының қызметкерлері 20 жылдан бері қара тақтатас кендерін өңдеу мәселелерін шешіп келеді. Ванадий және басқа да сирек металлдарды алу бойынша зерттеулер әлі де жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда Қазақстанның қара тақтатас кендерінен қайталама қуат көздеріне арналған ванадий электролитін алу технологиясын әзірлеуде. 
Бұл жобаның басқадан айырмашылығы – ғалымдар аммоний метаванадын оттегісіз ортада күйдіреді. Яғни, тотықсыздандырғыш ретінде метаванадаттың өзінен бөлінген аммиак қолданылады. Осылайша жүйеге тотықсыздандырғыш қосылмайды. Нәтижесінде ванадий 4 және 5 тотығының қоспасын алады. Бұл қоспа күкірт қышқылы ерітіндісінде жақсы ериді, бұл әрі қарай электролиз кезінде төменгі ванадий тотықтарының түзілуін одан әрі жеңілдетеді, дейді мамандар.