| Хризотил – асбест шаңы әсерінің гигиеналық аспектілері (Әдебиетті шолу). |
| Тематика: |
УДК 616-057:622.874 Түйін сөздер: хризотил – асбест өндірісі, өндірістік шаң, өндірістік орта, кәсіптік сырқаттанушылық. Асбестті пайдалану проблемасы – аса өткір әлемдік проблема. Ол көп жыл бойы талқылануда және ең алдымен медициналық проблема болса да, соңғы кезде экономикалық және саяси сипатты болып саналады [1]. Асбест – (грек тілінен өшпейтін, бұзылмайтын) ол талшықты силикатты минералдар тобы. Бұл топ асбестқұрамды заттардың жоғары техникалық қасиеттеріне ие: жоғары төзімділік, серпімділік, отқа төзгіштік. Асбест 2 негізгі топқа бөлінеді: хризотилды асбест және амфиболды асбест. Хризотил рудаларын кен байыту комбинаттарында алу ашық тәсілмен жүргізіледі. Руданың негізгі бөлігі (қатардағы хризотил – асбест рудалары) карьерлерде (рудниктарда) алдын – ала байытусыз механизацияланған тәсілмен алынады. Қатарлы рудаларды алудағы негізгі мамандықтарға бұрғылау станоктарының машинисттері, олардың көмекшілері, жарушылар, экскаватор машинисттері мен электровоз машинисттері жатады. Гигиеналық зерттеулер көрсеткендей, жұмыс аймағы ауасындағы шаң бөлшектерінің концентрациясы шектеліп рұқсат етілген концентрациядан ШРЕК 1,8 есе жоғары болған. Ұсақтау учаскесіндегі ауаның шаңдануы 4,5 және 5,4 мг/м3 жетіп, ШРЕК – дан сәйкесінше 1,1 және 1,4 есе жоғары болған [2]. Асбест – денсаулық проблемасын зерттеудің 100 – жылдық тарихында шартты түрде үш негізгі сатыларға бөлінеді. Бірінші сатысы – 1899 жылдан, ол кезде асбестті байытумен айналысатын жұмыскерлерде тері мен көру мүшелерінің кәсіптік зақымдалулары байқалған; екінші сатысы – 1923 – 1941 ж. ж., ол біріншілік фактологиялық материалдың жиналуымен және зерттеулердің бағыттауымен сипатталады; үшінші сатысы 1946 ж. бастап қазіргі күнге дейінгі уақыт, яғни еңбек жағдайы мен асбест өндірісіндегі жұмыскерлердің денсаулығына әсерін белсенді зерттеу сатысы [6]. Асбест кен орындары, әдетте, өзіне өлшемі мен пішіні әртүрлі минералдарды, асбестті емес породалардың блоктарын, ал бірқатар жағдайларда тұйық рудалардың геохимиялық ареолдары мен полиметалл рудалары минералдануының тарқатылған аймақтарын біріктіреді. Кен орнын құрайтын породалар әртүрлі макро және микро қосындылардан тұрады. Асбестті алу табиғи эколого – геологиялық жүйелердің бастапқы күйінің және зиянды химиялық заттардың антропогенді көздерінің бұзылуымен бірге жүреді. Элементтердің бұл көздерден миграциялануының нәтижесінде, алу мен байыту үрдісі кезінде асбест түрлі металлдармен, металлоидтармен және т.б. ластанады. Асбестті балласт темір жолдардың жер жабындылары үшін кеңінен қолданылады [7]. Осының барлығы темір жол бойындағы тұрғындарға, жұмыскерлер мен темір жол транспорты пассажирлеріне антропогенді жүктеменің жоғарылауын туғызады [8]. Оған қоса №162 Халықаралық еңбек мекемесінің «Асбестті қауіпсіз пайдалану» Халықаралық Конвенциясын атап өткен жөн [10]. Руданы алу кешенді механизацияланған тәсілмен жүргізіледі және станокты бұрғылау көмегімен скважинаны бұрғылаудан басталады. Одан соң дайын скважинаны жару жүргізіледі. Жарылған кен массасы экскаваторлар арқылы самосвалдарға тиеліп жүктеу базаларына шығарылады. Ол жерде руданы немесе бос породаны вагон думпкарларына тиеп, байыту фабрикаларына, не болмаса бос породалар жиындыларына тасымалдайды. «Қостанай минералдары» ААҚ – нда хризотил – асбестті алу бойынша барлақ технологиялық операциялар асбестқұрамды аэрозолдер дезинтеграциясының жоғарыдисперсті генерациямен бірге жүреді [11, 12]. Сонымен бірге мемлекетте асбоцемент құрамдарының Шымкент өндірісі жұмыс істейді [13]. Ондағы өндірістік шаң концентрациясы бойынша пішіндеу мен аппаратты цех ауасында гигиеналық нормативтерден 2,15 - 2,7 есе жоғарлайды [14]. Ресейде ең алдыңғы қатардағы болып асбокартон өнімдерінің Белояр фабрикасы мен Баженді кен орны саналады [16, 17]. Еңбек жағдайына жағымсыз әсердің жоғарлауы нәтижесінде жұмыскерлердің жалпы аурушаңдығы жоғарлайды, оның ішінде бронхоөкпелік, неврологиялық, онкологиялық және т.б. [19]. Асбесттің қазіргі уақыттағы өндірісі жағдайында бронхоөкпе жүйесінің кәсіптік аурулары проблемасы маңызды болып қалады. Кәсіптік патология құрылымындағы жетекші орынды тыныс алу мүшелерінің аурулары жатады. Оның ішіндегі ең кең тарағандары асбестоз, кәсіптік шаңды бронхит, субатрофиялық фарингит және созылмалы шаңды бронхит [20]. Асбесттің тыныс алу мүшелеріне әсері кезінде асбестті фиброз – асбестоз бен плевраның әртүрлі дәрежедегі зақымдалулары жатады. Кәсіптік аурушаңдық құрылымында асбестозға ерекше орын бөлінеді [21]. Бірқатар ресейлік авторлардың ойынша, шаң факторының әсері, шаңды жүктеменің жоғарлауымен байланыстылығы сөзсіз, ол өз кезегінде ауадағы шаң концентрациясымен ғана емес, шаңмен қатынастың ұзақтығымен, тыныс алудың тереңдігі мен жиілігіне байланысты. Соңғысы жұмыстың ауырлығы мен жұмыс орнындағы микроклимат жағдайына байланысты [22]. Осының нәтижесінде шаң жүктемесінің дозалық бағалауын кешенді негіздеу қажет. Оның әсеріне, жұмыс пен микроклимат жағдайының ұзықтығы мен ауырлығы есепке алына отырып, асбоцемент өндірісінің жұмыскерлері ұшырайды [23]. Тыныс алу биомеханикасын электронды спирометрия әдісімен терең зерттеу, қандағы альвеоломуцин деңгейінің жоғарлауы анықталған жұмыскерлерде рестриктивті синдромның даму тенденциясын анық байқалғанын анықтаған. Асбестті зауыт жұмыскерлерін зерттеу нәтижесінде, 2 адамда асбестоз, 8 адамда хризотил фиброздың бастапқы рентгенологиялық белгілері, 25 адамда – интерстициальді фиброз өкпесі белсенділігінің альвеоломуцин деңгейінің 3ЕG5 маркері анықталған [24]. Хризотилқұрамды шаң әсеріне ұшырайтын жұмыскерлер арасында бронхоөкпелік жүйенің асбестті ауруларының жиілігін нақтылау мақсатында авторлар өндірісті бағалауды жүргізген. Ол кезде әртүрлі мүшелер мен жүйелердің жалпы және кәсіптік сипатты аурушаңдығының жоғарғы пайыздылығы анықталған. Көп жағдайда бронхоөкпелік жүйесі, тірек – қимыл аппараты мен құлақ, ауыз, мұрын аурулары байқалған. Жартысында дерлік жүрек – қан тамыр жүйесі аурулары анықталған. Бронхоөкпе аппараты ауруларының анықталған жиілігі барлық кәсіптік топтарда шамамен бірдей болған. Бронхоөкпелік жүйе ауруларының жиілігін талдау көрсеткендей, зерттелгендердің 45,8% - нда өкпенің жалпы сипатты аурулары, ал асбестті аурулар мен өкпенің кәсіптік аурулары 44,2% жағдайда анықталған. Карьер мен байыту цехы жұмыскерлерінде бронхоөкпе жүйесінің жалпы сипатты аурулары басым болған. Терең клиникалық зерттеу нәтижесі бойынша жалпы сипатты бронхоөкпелік патология созылмалы спецификалық емес өкпе ауруларымен, яғни: созылмалы бронхит, постпневмониялық регионарлы пневмосклероз, бронхоэктаз ауруы, өкпе эмфиземасы және т.б.түрінде байқалған [26]. Орал аймағындағы хризотил – асбестті алу мен өңдеу өнеркәсібінде, еңбек жағдайының жақсаруына қарамастан, соңғы онжылдықта, зерттеу орталықтарының мәліметтері бойынша, алғаш рет асбестоздың жаңа 400 жағдайы анықталған. Бұл аурудың клиникасы, ағымы мен болжамы дамуының мерзімдерін зерделеумен байланысты маңызды болып келеді [27]. Украина асбест өндірісіндегі жүргізілген зерттеулер асбестпен қатынаста болатындардың өкпе тінінің спецификалық фиброзы асбестоз, бластомотозды үрдістің дамуы мүмкін екенін көрсетті [28, 29]. Қазіргі уақытта бар халықаралық конвнцияларды түзету мен хризотилды адам мен қоршаған ортаға аса зиян келтіретін заттар тізіміне енгізу сұрағы туындаған [30]. Адам үшін асбесттің қауіптілігіне арналған жұмыстардың көптігіне қарамастан, шаңның балалардың денсаулығына әсері «ақ дақ» болып қала береді. Бұл проблемаларды кешенді гигиеналық және эпидемиологиялық зерттеулері көрсеткендей, алғашқы екі жыл өмірдегі пневмониямен ауыру бақылаудағыдан көп есе жоғары болып, сәбилік жаста бақылаудағы 9 - ға қарағанда 1000 адамға 114 жағдай және 1 жастағыларда бақылаудағы 45 – ке қарағанда 1000 адамға 425 жағдайды көрсеткен [31]. Соңғы уақытта асбесттің қоршаған ортаға әсері, соның ішінде өндірістік циклдағы канцерогендік әсеріне көп көңіл бөлінуде. Асбесттің ингаляциялық кәсіптік әсері қатерлі ісіктердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Асбест өкпе қатерлі ісігі мен плевра мен іштік мезотелиомасын индуцирлеуі мүмкін. Солай бола тұра, ісіктердің басқаша шоғырлануы алі толық анықталмаған [32]. Асбоцементті өндіріс жағдайында, барлық шоғырланулар, ал әсіресе өкпе қатерлі ісігі бойынша ықтималдық жоғары [36]. Хризотил амфиболды асбестке қарағанда канцерогенділігі төмен деп есептеу қабылданған [38]. Егер амфиболды асбест адамдарда өкпелік тіннен де, мезотелийден де ісік тудырса, хризотил мезотелий үшін емес, өкпе үшін ғана қауіпті [32]. Нагорная А. М. және басқа да авторлардың ойынша, асбест индуцирлеуші және промотирлеуші канцерогенді агент болып саналады. Канцерогенді қасиеттерге ие бола отырып, ол басқа факторлардаң (кремний қос тотығы, шылым шегу және т.б.) канцерогенділігін күшейтеді. Асбесттер эпигенетикалық канцерогендер (ДНК нысана мүшелерінің тура мутациялық зақымдалуына әкелмейді) бола отырып, клетка геномын бұзу сияқты ғажайып қабілетке ие. Пайда болған оттегінің белсенді формалары 8 – гидроксигуаниннің түзілуімен жүретін гуаниннің қышқылдану жолымен ДНК нысана клеткалардың бұзылуын туғызады. 8 – гидроксигуанин клеткалардың неопластикалық трансформациясының себепшісі болып саналады. Сонымен бірге, асбесттер нысана клеткалардың тікелей физикалық зақымдауға қабілетті, 10 мкм ұзындыққа дейінгі (қысқа) талшықтар клеткаға ене отырып, митоз кезінде бөліну жібінің бұзылуын, микроядролардың түзілуімен жүретін хромосомалар фрагментациясын, талшықтардың хромосомаларға жабысуын туғызады [39]. Талшықтың канцерогенді потенциалын іске асыруда басты орынды белсенді оттегілік радикалдарға (БОР) жатқызады. Олар клеткаға токсикалық, мутагенді және трансформирлеуші әсер беріп, ондағы ДНК бұзылуын туғызады [40]. Нысана клеткаларда пайда болатын мутациялар промоция сатысында жиналады да, бекиді [41]. Жануарларға жасалған тәжірибелер көрсетендей, нативті асбестті созылмалы түрде аз дозамен енгізу канцерогенездің күшеюіне әкеледі. Ол кезде нысана клетка мен макрофагтарға «күшті» қысқа уақытта қайталанатын әсер туралы айтқан жөн. Клетка дақылдарында жүргізілетін тәжірибелер кезінде макрофагтар, мезотелиома мен трансформирлеуші клеткаларға айқын токсикалық әсер етіп, қалыпты мезотилий клеткаларына әсерін тигізбеген. Сонымен бірге макрофагтар мезотелий клеткасының спонтанды трансформациясын бәсеңдетіп, асбест тудыратынды тоқтатқан. Асбестті канцерогенез кезінде, бір жағынан, ОБР әсерінен нысана клетканың трансформациясы, екінші жағынан, трансформирлеуші клеткалардың өлуі байқалады. Талшықтардың потенциалды қауіптілігінің сипаттамаларына бөлшектердің өлшемдері, олардың ену қабілеті және тыныс алу мүшелерінде жиналуы жатады және бұл қасиеттер түрі мен химиялық құрамына байланыты емес [42]. Асбесттен басқа, асбоцемент өндірісінің жұмысшылары, цементтің құрамындағы (50% таяу) кремний қос тотығының кристаллды түрлерінің (кристабалит, кварц) әсеріне тап болады. Кристаллды кремний өкпе тінінде эпителийдің зақымдалуын туғызып, макрофагтар мен нейтрофилды лимфоциттер белсенділігіне әкеледі, оның салдарынан зақымдалған тіндерде қабыну мен клеткалық пролиферация (цитокинов) факторларының концентрациясы жоғарлап, эпителий мен интерстициалды клеткалар пролиферациясына (пневмосклероз түрінде байқалады) әкеледі. Сол уақытта кремний қостотығы кристалдарының арқасында фагоциттер белсенділігі артып, ол өз кезегінде оксидантты стресстің дамуына әкеп, соңында канцерогенезді тудырады [39]. Соңғы кезекте, хризотил – асбест шаңының гигиеналық аспектілерінің әртүрлілігі жайлы айтқан жөн. Қолда бар мәліметтер әлі де толықтыруды талап етеді. Хризотил – асбест өнеркәсібі жұмысшыларының кәсіптік аурушаңдығына жұмыс стажы мен еңбек түрінің әсері сұрақтары бүгінгі күнде маңызды болып отыр. Әдебиет
|
| Автор: Даулеткалиева Жания Абаевна |