EXPO-2017

2017 жылы Алматыда өтетін Универсиадаға 50 мемлекет қатысады

11.04.2014

7057

АСТАНА. 3 сәуір. BAQ.KZ – Елімізде 2017 жылы өтетін Универсиаданы әлемнің бірнеше арналары таратып, 50-ден астам мемлекеттен спортшылар қатысады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде ресми өкіл Алтай Әбибуллаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Универсиадаға әлемнің 50-ден астам елінен 3 мыңнан жоғары спортшылар, бүкіл әлемнен 80 мыңға жуық түрлі делегациялар мүшелері, қонақтар, көрермендер мен жанкүйерлер келмек. Жарыс 100 түрлі арнадан көрсетілмек. Ойын өткізу барысында 3,5 мыңға жуық волонтер шақырылмақ», - деді А.Әбибуллаев.

Айта кетейік, 2017 жылы Алматыда өтетін 28-нші Дүниежүзілік қысқы Универсиадада спорттың 13 түрі ұсынылады. Атап айтқанда мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғы спорты, сноубординг, биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, керлинг тәрізді спорт түрлері бар. Сонымен қатар, трамплиннен шаңғымен секіру, шаңғылы қоссайыс, фристайл, коньки тебу спорты, бенди сияқты спорт түрлерінен де сайыстар өтеді.

Источник: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар