EXPO-2017

Доңыз тұмауының алдын алатын препарат әзірленді

02.05.2018

5548

Микробиология және вирусология институтының доценті, б.ғ.к. Н.Г.Ишмухаметова Қазақстанның әртүрлі аймақтарында доңыз популяцияларының вирусты тұмауының циркуляциясын кешенді түрде экология-вирусологиялық және серологиялық зерттеу жасады және тұмау инфекциясына диагностика жасау үшін диагностикалық препараттар (антигендер) жасалды.
Зерттеу тақырыбы бойынша 2013-2015 жылдар аралығында 34 мақала жарық көрген, оның 23-і шетелдік басылымдарда жарияланған және Қорғалған құжат саны – 1 (ҚР Патентіне өтініш).
Жобаны жүзеге асыру барысында алынған нәтижелер тұмау ауруының таралуын анықтау барысында қолдануға болады. Диагностикалық препараттарды зертханалық жағдайда сынақтан өткізу тазартылған антигендер мен иммунды сарысудың оларға жоғары тиімділігі мен ерекшілігін көрсетеді. Антигендерді қан сарысуындағы ерекше антителді табу үшін стандартты диагностикум ретінде, ал сәйкестендіру кезінде тұмау вирусының изоляталарынан қайтадан бөлінген иммунды сарысуларды қолдануға болады.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар