Әлемдегі ғылым

Жер полюстерін қолдан мұздату арқылы жылынуды тоқтату ұсынылды

15.09.2022

1154

Зерттеушілер планетаның полюстеріне микроскопиялық аэрозоль бөлшектерін шашуды алға тартуда. Олардың зерттеулері бойынша жаһандық жылынуды Жер полюстерін мұздату арқылы тоқтатуға болады. Оның үстіне бұл ең оңай әрі арзан тәсіл болмақ.

Зерттеушілер мұздың еруін тоқтату үшін Жердің солтүстік және оңтүстік полюстерін қайта мұздатуды ұсынып отыр.
Егер бұл аэрозольдар әуе лайнерінің круиздік биіктігінен жоғары 13 000 метр биіктіктен шашыратылса, бөлшектер күн сәулесінің бір бөлігін жауып, полюске қарай баяу жылжиды. Жасалған көлеңке мұздықтардың еруі мен теңіз деңгейінің көтерілу қаупін азайта отырып, Жер полюстерінің қайтадан қатып қалуына мүмкіндік береді, дейді ғалымдар.

Мұндай әдіс күн сәулесінің бір бөлігін ғарышқа кері қайтару арқылы климаттың өзгеруін бәсеңдетеді.
Ғалымдар бұл тұжырымдаманы жыл сайын 11 миллиард доллар тұратын стратосфералық аэрозольды инъекция деп атайды. Бірақ зерттеушілердің пікірінше, бұл сома планетаны салқындату бойынша басқа жобалардың құнымен салыстырғанда соншалықты көп емес. Мысалы, Жер атмосферасынан көміртекті алу жобалары әлдеқайда қымбатқа түседі.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар