Әлемдегі ғылым

Жол шаңы қатерлі ісік қаупін арттырады

09.06.2022

1644


Ресейлік ғалымдар жол шаңы қалада тұратын миллионнан астам адамдарда қатерлі ісік қаупін арттыратынын дәлелдеді. Авторлар автомобиль отынының жануы кезінде атмосфераға түсетін канцерогенбензо(а)пиреннің шаңдағы құрамын талдағаннан кейін осындай қорытындыға келген. Алынған деректер қалалық жолдарды дұрыстап тазарту қажеттілігін алға тартып, бұл жаңалық қалалық орта қауіпсіздігін жақсарту бойынша жаңа жобаларды әзірлеуде пайдалы деп отыр. Ресей ғылыми қорының грантының қолдауымен жүргізілген зерттеу нәтижелері Environmental Geochemistry and Health журналында жарияланды.


Жол шаңының құрамында автомобиль дөңгелектерінің резеңке кесектері, жол жабындары, топырақ бөлшектері, ұсақ қоқыс және мұздан тазартатын заттардың қалдықтары сияқты көптеген әртүрлі компоненттер бар. Оларда, өз кезегінде, аса қауіпті ластаушы заттар – ауыр металдар және полициклді ароматты көмірсутектер – оңай тұндырылып, бекітіледі. Полициклді ароматты көмірсутектер арасында бензо(а)пирен ең қауіпті болып саналады, өйткені оның адам ағзасына түсуі қатерлі ісік ауруының асқынуын арттырады.


Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ғалымдары Мәскеудің жол шаңындағы бензо(а)пиреннің құрамын талдап, сонымен қатар қаланың ең ластанған аймақтарын анықтады. Зерттеушілер қаланың барлық аудандарында әртүрлі көлік жүктемесі бар жолдардың бетінен 160 шаң үлгісін жинады. Сондай-ақ, автотұрақпен жабдықталған аулалардан 33 қосымша сынама алынды. Содан кейін бензо(а)пиренді шаңнан химиялық жолмен бөліп алып, оның мөлшері анықталды.


Материал https://indicator.ru/medicine/dorozhnaya-pyl-povyshaet-risk-razvitiya-raka-u-zhitelei-megapolisov-08-06-2022.htm деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар