Әлемдегі ғылым

Аусыл ауыруы адамға қауіпті ме?

05.04.2022

1866

Әлемде көптеген қауіпті вирустар бар. Олардың кейбіреулері жаңа (мысалы, COVID-19) болса, басқалары ғасырлар бойы келе жатыр. Солардың бірі – аусыл.
Аусыл – жануарлардың, негізінен ірі қара малында жиі кездесетін жұқпалы ауру. Адам үшін де қауіпті. Ауру эпидемиялық стоматит (aphtae epizooticae) болып табылады. Оның белгілері қызба және ауыз қуысының шырышты қабатында, теріде және тұяқтарда көпіршіктер (афталар) түріндегі бөртпелердің пайда болуымен сипатталады.
Ресейде ғалымдарының айтуынша, РНҚ-сы бар вирус ол елде 1881 жылдан бері тіркелген екен. Ал ересектер үшін бұл ауру өлімге әкелмесе де, оның таралу жылдамдығы қорқынышты. Жақында БАҚ Қазақстанда аусыл дертінің өршуі туралы ақпарат таратып, кейіннен Ресейдің бірнеше өңірінде аурудың болуы қаупін жазған болатын. Аусыл адам үшін өлімге әкелетін ауру емес, бірақ ол елдерге ауыр экономикалық зиян келтіруі мүмкін, деп жазады hi-news.ru.
Ауру тудыратын микроорганизмдер патогендер (қоздырғыштар) деп аталады. Бір қоздырғыш вируспен таныс емес бір түрден екінші түрге өткенде, ол жаңадан табылған иесінің қорғансыздығын пайдаланып, аурудың дамуын тудыруы мүмкін. Шын мәнінде, зооноздық инфекциялар (зооноздар) дүние жүзінде жаңадан анықталған барлық жұқпалы аурулардың үлкен пайызын құрайды.
Осылайша, мамандардың айтуынша, адамдар жұқтырған вирустардың 60 пайызға жуығы жануарлардан шыққан. Ал жаңа жұқпалы аурулар бойынша адамға жануарлардан 75 пайызға жуығы берілген көрінеді. 1940-2004 жылдар аралығында әлемде 330-дан астам жұқпалы аурулар пайда болды, олардың үштен екісі зоонозды болып табылады.
Мамандар зооноздық инфекциялардың климаттың өзгеруіне қарай көбейетінін айтады. Зооноздардың бір тобы, Денге безгегі сияқты тасымалдаушы қоздырғыштар адам денсаулығына қауіп төндіреді, өйткені олар жаңа аймақтарда жиі кездеседі.
Аусыл қоздырғышының негізгі көзі – сілекей, сүт, зәр және нәжіс. Жануарлар солар арқылы инфекция қоздырғышын қоршаған ортаға таратады. Инфекция сау жануардың ауру жануармен тікелей байланысы арқылы, негізінен ауыз қуысының шырышты қабаты мен терісі арқылы беріледі.
Аусыл ауыруымен ауырған малдарды күтетін адамдарға бұл инфекция сырт киім, аяқ киім басқа да құралдар арқылы жұғады. Сонымен қатар, FMDV құстар мен жәндіктерге берілуі мүмкін. Аурудың ошақтары негізінен жазда және күзде болады, ал инкубациялық кезең бес-жеті күн.

Материал https://hi-news.ru/research-development/vspyshki-yashhura-proisxodyat-v-mire-vse-chashhe-chem-opasna-eta-bolezn.html деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар