Әлемдегі ғылым

Америкалық ғалымдар сүйектерді емдеуге арналған вакцина ойлап тапты

22.02.2022

2160

Сынған сүйекті қайта қалпына келтіру күрделі процесс. Дегенмен, америкалық мамандар болашақта бұл процесті жеңілдететін құрал жасап шығарды.
Америкалық Мао клиникасының ғалымдарының бұл ғылыми еңбегі Science Advances журналына жарияланды. АҚШ мамандары голландиялық және неміс әріптестерімен бірлесе отырып, РНҚ-мессенджері негізінде вакцина жасады. Ол сүйектердің жазылуын тездетуі мүмкін.

Зақымдалған жағдайда сүйек тінінің екі жолмен қалпына келтірілетін айтылады: мезенхимальды стромалық жасушалардан (бағаналық жасушалардың бір түрі) тікелей түзілуіне байланысты немесе эндохондральды сүйектену, яғни кейіннен сүйектенетін шеміршектердің пайда болуына байланысты. Мамандар бұл механизмдердің істен шығуы немесе денедегі басқа да бұзылулар кезінде сынықтардың жазылмауы мүмкін екенін, бұл кейбір жағдайларда тіпті ампутацияға әкелетінін атап өтеді.

Ғалымдар мұндай жағдайларды емдеудің жаңа әдісін ойлап тапты. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, олардың әдістемесінде сүйек тінінің қалпына келуін тездететін РНҚ-мессенджер қолданылады. Қазіргі уақытта зерттеушілер препаратты егеуқұйрықтарда ғана сынап көрді, бірақ ол тек бір дозаның өзінде жоғары қауіпсіздік пен тиімділікті көрсетті.

Материал https://www.science.org/doi/10.1126/sciadv.abl6242 деректері бойынша дайындалды.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар