Әлемдегі ғылым

Адамға шошқа бүйрегі салынды

24.01.2022

2139

АҚШ ғалымдары шошқаның екі бүйрегін адамға трансплантациялау бойынша бірегей операция жасады.

Операцияға дейін адамның иммундық жүйесі қабылдамайтын шошқа геномының белгілі бір бөлімдері жойылған көрінеді. Жануардың бүйрегі комаға түсіп қалған 57 жастағы ер адамға салынған. Әрине, бұл операция науқастың туысқандарының келісімі арқылы ғана жасалған.

Биологтар соңғы онжылдықта өзінің және өзгенің ағзасын тану жүйесінің жұмысына жауапты гендерді алып тастауды үйренді, бұл өткен жылдың күзінде адамға шошқаның бір бүйрегін ауыстыруға мүмкіндік берді, деп жазады American Journal of Transplantation.

2010 жылға дейін адамның иммунитеті ұзақ уақыт бойы бөтен органды қабылдамайтын еді.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың қаңтарында Токио университетінің ғалымдары егеуқұйрықта тышқанның дің жасушаларынан сау ұйқы безін өсірген болатын.

Материал https://onlinelibrary.wiley.com/ деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар