Әлемдегі ғылым

Вирустарды 2 секундта жояды

30.11.2021

2243


Израильдегі Ариэль университетінің сарапшылар тобы миллиметрлік толқындардың патоген бөлшектерінің, оның ішінде SARS-CoV-2 вирусының 99%-н небәрі 2 секундта көзін құртатынын анықтаған. Бұл толқындар қазіргі таңда қатерлі ісік, яғни рактан емдеу үшін медицинада кеңінен қолданылып келеді.

Салыстырмалы түрде алып қарасақ, ұялы телефонның сәулеленуінің толқын ұзындығы шамамен 30 см, ал микротолқынды пештің сәулеленуі - шамамен 12 см болады дейді, профессор Моше Эйнат.

Ғалымдар мұндай толқындардың вирустық бөлшектерді өлтіруге мүмкіндік беретін температураны көтеруге қабілеттілігін байқаған. Сонымен қатар, бұл әдіссті адам ағзасындағы инфекциямен күресуге қолдануға болмайды, бірақ беткі қабаттарда ол әлдеқайда жылдам әрекет етеді.
«Қазіргі уақытта осы мақсатта қолданылатын басқа әдістер, мысалы, ультракүлгін сәулелену бірнеше минутты алады, кейде бір сағатқа дейін созылады. Сонымен қатар, олар дезинфекциялау процесін тиімсіз қылып, адамдар үшін улы болуы мүмкін», – деп түсіндірді зерттеу жетекшісі доктор Габи Гарлиц.5

Ғалымдар жаңа технологияны коронавирусқа ғана емес, сонымен бірге полиовирусқа да сынақтан өткізді.

Мақала https://www.jpost.com/health-and-wellness/coronavirus/special-radiation-can-kill-covid-19-and-polio-virus-israeli-study-shows-686981 деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар