Әлемдегі ғылым

Ұйықтауға пайдалы "алтын" уақыт 22:00-23:00 сағат аралығы

07.11.2021

2244

Шетелдік ғалымдар дұрыс ұйқы жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады деп отыр. Зерттеулерінің нәтижесі кешкі сағат 22:00-ден 23:00 аралығындағы ұйқы жүрек ауруларының 25%-ға дейін төмендейтінін көрсеткен. Олар ұйқыға кету мен жүрек-қан тамырлары және инсульт арасындағы байланысты тәжірибе жүзінде зерттеп, кеш жатқандардың, әсіресе әйел адамдар үшін денсаулығына зиян екенін анықтаған.

Жүргізілген тәжірибеге 43 жас пен 74 жас аралығындағы 88 мың адам қатысқан көрінеді. Олар бір апта бойы олардың қай уақытта ұйықтағанын бақылап отыратын аппарат – трекерді қолдарына тағып жүрген. Барлық режимдері олардың бес жылдағы жүрек аурулары, инсульт алған кездегі денсаулық жағдайларымен салыстырыла отырып, тексерілген. Түнгі сағат 22:00-де ұйықтауға жатқан кісілерде бұл аурумен ауыру жағдайы 24 %-ды, сағат 23:00-ден кейін ұйықтағандарда 12 %-ды көрсеткен.

Әлі де болса зерттеуді қажет ететін бұл тәжірибе әзірге ұйықтауға пайдалы "алтын" уақыт 22:00-23:00 сағат, дейді Эксетера университетінің мамандары.

https://www.dailymail.co.uk/health/article-10178787/Going-bed-10-11pm-night-cuts-risk-heart-disease-study-claims.html

«« | »»
Соңғы жаңалықтар