Әлемдегі ғылым

Фисташка қан қысымын реттеуге көмектеседі

25.10.2021

2235

Гипертензия немесе қарапайым тілмен айтсақ, жоғары қан қысымы байқатпай өлімге әкелуі мүмкін. Оның арты инфаркт сияқты жүрек ауруларына жеткізеді. Оның бірден бір емі – диета. Бірақ, арзан тағамдармен диета ұстауға бола ма?

Ұлыбританияның миллиондаған тұрғындары, яғни жалпы халықтың үштен бір бөлігі жоғары қан қысымынан зардап шегеді. Бұдан басқа қаншасының жүрек талмасы мен инсульт алудың аз алдында жүргені белгісіз, деп жазады https://www.express.co.uk/.

Дегенмен, тағамды дұрыс жеу арқылы қан қысымының жоғарылауын тоқтатуға болады деп отыр ғалымдар.
Мысалы, сарапшылыр фисташка адамның жүрек-тамыр жүйесінің күйіне оң әсер ететінін, қан қысымын төмендететінін және қан тамырларының жағдайын жақсартатынын анықтаған. Олардың құрамында ақуыз көп және бұл жаңғақтың калориясы аз әрі холестеринді төмендетеді.
Сонымен қатар, бұл құнды өнімнің құрамында қан ұйытқыштарының алдын алуға көмектесетін L-аргинин аминқышқылдары бар.
Мамандар фисташканы тұзсыз жеу керектігін айтады. Бұдан бөлек таңғы асқа сұлы жармасының ботқасын пайдаланған жөн. Оны кәдімгі сиыр сүтінен гөрі бадам сүтіне пісірген дұрыс екен.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар