Қазақстан ғылымы

ЕҰУ ғалымдары асбесттің қатерлі өкпе ауруларына әсерін анықтамақ

23.01.2023

838



Асбест құрылымы талшықты болып келетін табиғи материалдың бір түрі. Ол отқа төзімді және жылуды жақсы ұстайтын болғандықтан, көбінесе құрылыста, өнеркәсіптік өндірісте қолданылады. Сондай-ақ химия өнеркәсібінде пластмасса жасауда, қағаз, бояу және лак өндірісінде, тоқыма өнеркәсібінде пайдаланылады. 

Асбесттің көптеген салада кеңінен қолданылуымен бірге оның жоғары уыттылығын да ұмытпаған жөн. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде 125 миллионға жуық адам жұмыс орнында асбесттен зардап шегеді екен. Кәсіби ісіктен болатын өлім-жітімнің жартысына жуығы асбесттің кесірінен болады. Сонымен қатар, үйде қолданылып жүрген асбесттен жыл сайын бірнеше мың өлім болуы мүмкін деген болжам бар. Мысалы, өкпенің, көмейдің және аналық бездердің қатерлі ісігі, сондай-ақ мезотелиома (плевра және перитонеальді ісік) пайда болады. Сондай-ақ асбест асбестоз (өкпе фиброзы) және өкпе қабындағы түйіншектер сияқты аурулардың себебі болып табылады. Еуропалық Одақ сияқты көптеген елдерде асбесттің кейбір түрлерін және одан жасалған бұйымдарды пайдалануға тыйым салынған. 
Р. Берсімбай жетекшілік ететін Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми-зерттеу тобы асбест шаңын жұтқанда өкпеде пайда болатын қатерлі өзгерістердің молекулалық механизмдерін зерттеуде. Бұл зерттеу кең таралған аурулардың бірінің алдын алуда да, оны емдеу әдістерін дамытуда да жаңа перспективалар ашуы мүмкін. 

Жобаның мақсаты: бос айналымдағы митохондриялық ДНҚ-ның асбестпен индукцияланған өндірісін, эпигенетикалық механизмдерді және қатерлі ісіктердің патогенезіндегі қабынудың рөлін зерттеу. 
Асбесттен бөлінетін тозаң адам жасушаларымен әрекеттескенде, асбест силикаттары катиондарды тартып, бір-бірімен байланыстырады. Асбест талшықтары өкпеде иондарды өз бетінде ұстау арқылы жасушалық ортаның шайылуына ықпал етеді. Бұл процестер жасуша мен ДНҚ зақымдануына алып келетін оттегінің белсенді формаларын (ОБФ) түрлендіруі мүмкін.  
Тотығу күйзелісі гендік мутацияларға, хромосомалық аберрацияларға және жасуша қатерлі трансформациясына және апоптозға дейін жеткізуі ықтимал. Апоптоздың жоғары деңгейі, өз кезегінде, еркін айналымдағы нуклеин қышқылдарының басқа түрі – бос айналымдағы митохондриялық ДНҚ (sc mtDNA) есебінен өкпе тінінде қабыну процестерінің дамуының триггеріне айналуы мүмкін. ss mtDNA көшірмелерінің саны қатерлі ісіктердің түрлерінде, соның ішінде өкпенің қатерлі ісігінде өзгереді. TLR-9 рецепторлары арқылы sc mtDNA да NF-kB сигналдық жолының белсендірілуіне және оның салдарынан асептикалық қабынудың дамуына делдал бола алады. Дегенмен, асбест тозаңының әсерінен туындаған өкпе неоплазиясының патогенезіндегі ss mtDNA рөлі әлі де зерттелмеген.

Қазіргі уақытта ғылыми әдебиеттерде асбестпен индукцияланған өкпе тінінің неоплазиясының патогенезіндегі sc mtDNA және цитокиндер арасындағы байланыс туралы ақпарат жоқ. 

Осыған байланысты асбестпен индукцияланған ОБФ өндірісінің митохондриялық ДНҚ-мен, өзгерген эпигенетикалық механизмдермен және in vitro және in vivo тиісті нысана жасушаларында қабынумен қалай байланысты екенін анықтау бойынша зерттеулер жүргізілуде.
Зерттеу объектісі ретінде зертханалық салмағы 240±20 г болатын ақ егеуқұйрықтар, сц mtDNA, цитокиндер, бауыр және өкпе тіндері алынды.  

В связи с этим проводятся исследования для определения того, как индуцированная асбестом продукция АФК связана с митохондриальной ДНК, изменением эпигенетических механизмов и воспалением в соответствующих клетках-мишенях in vitro и in vivo.
Объект исследования – лабораторные белые крысы, массой 240±20 г., сц мтДНК, цитокины, ткани печени и легких.

2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру шеңберіндегі «Өкпе обырының патогенезінде асбестпен туындаған молекулалық өзгерістерді зерттеу» AP09259700 жобасы. 

Жобаның ғылыми жетекшісі – Рахметқажы Ескендірұлы Берсімбай, биология ғылымдарының докторы, профессор. 

«« | »»
Соңғы жаңалықтар