Қазақстан ғылымы

QazaqGaz ғылыми-зерттеу базасын нығайтады

05.10.2022

1212

QazaqGaz басқарма төрағасы Санжар Жаркешовтің айтуынша, ұлттық компаниядағы оқу кешендері мен инжинирингтік орталықтардың негізінде газ саласындағы біліктілік орталығы – «QazaqGaz ҰТО» ғылыми-техникалық орталығын құру бойынша жұмыс жүргізілуде. «QazaqGaz ҰТО» Қазақстанның және шетелдің жетекші техникалық университеттерін, халықаралық газ компанияларын тартатын болады. Қазірдің өзінде оған қызығушылық танытқан компаниялар да жоқ емес, дейді басқарма төрағасы.

ҰТО міндеттеріне ғылымды коммерцияландыру, инжиниринг орталығын дамыту, газ саласындағы халықаралық көшбасшыларға сервистік қызмет көрсету мен жөндеуді оқшаулау, отандық машина жасауды қолдау, сондай-ақ отандық мамандарды кәсіби даярлау және қайта даярлау кіреді.

Бұған дейін компания Сәтбаев университетімен және ҚБТУ-мен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойған болатын. Ұлттық компания газ саласы үшін жас мамандарды дайындауды көздеп отыр. Енді мұнай-газ факультеттерінде білім алғысы келетіндер ұлттық компанияның шәкіртақысына құжат тапсыра алады.

Сонымен қатар, QazaqGaz студенттерді тағылымдамадан өтуге шақырады. Үздік студенттерге өндіріс орындарында жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Компанияның миссиясы – ғылымды, инновацияны және өндірісті біріктіру. Профессорлардың, оқытушылардың және мамандардың соңғы технологиялық әзірлемелерін олардың жұмысында қолдану, сондай-ақ газ саласындағы қазақстандық ғылымды коммерцияландыруды дамыту жоспарлануда.

Материал https://sknews.kz/news/view/qazaqgaz-sozdast-nauchno-tehnicheskiy-centr-qazaqgaz-ntc?fbclid=IwAR2p9yC0m9AIeDOq3hyUnEmG4iGyelOMU0vVO_auCa9yFY_8h3KLfv51yqg деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар