Қазақстан ғылымы

Елімізден Францияның «Ориньяк» мәдениетіне ұқсас ежелгі мекендер табылды

28.09.2022

1201

Солтүстік Тянь-Шань тау бөктерінде Ресей ғылым академиясының археология институтының экспедициясы жоғарғы палеолит дәуіріндегі алғашқы адамдардың мекендерін тапты. Жәдігерлердің жасы 28-33 мың жыл, ал тас құралдар Еуропада, Кавказда, Таяу және Орта Шығыста кең таралған Ориньяк мәдениетіне ұқсас.

Іле Алатауы жотасының етегінде орналасқан Ұзынағаш 1 және 2 қорғандарына қазба жұмыстары биылғы жазда жүргізілді.

Археологтар ертедегі аңшылардың көп шоғырланған жерлерінің іздерін, сондай-ақ тас құралдарды, жерге тереңдетілген екі ошақтың қалдықтарын және тамақ пісіруге арналған шұңқырды тапты. Тас дәуіріндегі адамдардың олжасы – бұқалар, турлар, арқарлар, тау ешкілері, ақбөкендер, сонымен қатар бұл жерлерге кезіп жүрген жүнді мүйізтұмсықтар мен мамонттар. Бұл жерді мекендеген адамдар аң аулаумен айналысқан болуы мүмкін. Археологтар көптеген жануарлар сүйектерінің сынықтарын тапқан. Тұрақтың қанша жылдық екенін анықтау үшін радиокөміртекті жасалмақшы.

Тарих ғылымдарының кандидаты Дмитрий Ожералиевтің түсіндіруінше, 30 мың жыл бұрын бұл жерлерде ылғалды климат, қыс пен жаз арасындағы температура айырмашылығы азырақ болды. Бұл мұзаралық кезеңіндегі адамдар үшін ауа райының салқындауына дейінгі соңғы жылы әрі қолайлы уақыт. Ұзынағаштағы тұрақтардың көптігі де осыдан болса керек. Күн суыта бастағанда адамдар осы жерден кетіп қалады. 20 мың жыл бұрын бұл жерлер өте қолайсыз болғандықтан, адамдар тау етегіне қоныстанбаған.

Материал https://rg.ru/2022/09/28/v-kazahstane-najdeny-pervobytnye-stoianki-shodnye-s-kulturoj-oriniak-iz-francii.html деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар