Қазақстан ғылымы

Ғалымдар құс саңғырығын да қажетке жаратуда

27.07.2022

1566

Отандық ғалымдар құс саңғырығын кәдеге жаратты. Толығырақ тоқталсақ, оны органикалық биотыңайтқышқа айналдырып, құмды құнарлы топыраққа ауыстыруда.

Ғалымдардың айтуынша, автоматты ферменттер мен биореакторлардың көмегімен биологиялық сұйық дайындалады. Жаңа технология арқылы өңделген қара топырақтың құрамы минералды заттарға бай.

Инженер-технолог Амандық Аюпов тиімділігі жоғары микроорганизмдер негізінде құрылған биологиялық өнімдерді пайдаланып, құс саңғырығын органикалық тыңайтқышқа айналдыратынын айтады. Бірінші қалдықтар 500 градуста қайнатылып, алынған өнім кептіріледі.

Қол жеткізілген топырақтың арқасында диқаншылар, бағбаншылар 20-30 пайызға артық өнім алуға мүмкіндігі бар деп отыр ғалымдар. Тіпті қазіргі таңда экологиялық тыңайтқышқа сұраныс та жоқ емес. Одан түскен қаржы 12 млн теңгені құраған.

«Бұл жоба 2018 жылдан бері іске қосылды. Олар 300 млн теңгеге жуық грант ұтып алған. Сәтті жобаның арқасында бүгінде 35 млн теңгені өтеді. Айта кетейін, қор 150 ден аса жобаны жүзеге асырып келеді. Оның ішінде 120-сы нарыққа шықты», дейді «Ғылым қоры» АҚ жоба менеджері Ұлжан Дулатова.

Бұған дейін полигондарға төгіліп келген құс саңғырығы енді қажетке жарап, құс фабрикаларының да жұмысы жеңілдеген.

Материал https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/556415-sty-sa-yry-y-k-dege-zharady деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар