Қазақстан ғылымы

Қазақстаннан 48 мың жыл бұрын өмір сүрген адамның ізі табылды

19.07.2022

1571

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Боралдай тауында орналасқан Тұттыбұлақ үңгірінен ғалымдар 48 мың жыл бұрын өмір сүрген адамның ізін тапты.

Академик, тарих ғылымдарының докторы Жәкен Таймағанбетов бастаған отандық ғалымдармен бірге Тюбинген университетінің ғалымдары да Тұттыбұлақ үңгірін зерттеуде. Оның ішінде Испания, Америка, Греция, Румыния ғалымдары бар. Бұған дейін бұл жердегі ошақ орнынан тарихи жәдігерлер мен күл қалдықтары табылған көрінеді. Ғалымдардың айтуынша, арнайы зерттеулер адамдардың 48 мың жыл бұрын өмір сүргенін дәлелдеді.
2017 жылы басталған қазба жұмыстары нәтижесінде мұнда аю мен адам тістері, қырғыш, жоңқалар, өзек тасы сияқты түрлі заттар табылды.
«Экспедиция төрт тас құрал тапты. Олардың әрқайсысы бөлек шикізаттан жасалған. Кварц – Тұттыбұлақ өзенінен табылған материал. Бұл үңгірдің маңында мұндай шикізат көп емес. Соған қарамастан адамдар өздеріне қажетті материалды тауып, осы кварцты таңдап, одан тастан еңбек құралдарын жасаған», – дейді зерттеуші-археолог Абай Нәден.
Зерттеушілердің айтуынша, Тұттыбұлақ – Қазақстандағы мұндай жәдігерлер табылған алғашқы үңгір. Бұл әлемдік сенсация – қазақ ғалымдарының үлкен жетістігі. Табылған жәдігерлер бір жылға жуық зерттеледі. Олардың жасын және нақты дәуірін анықтау қажет.
Зерттеушілердің айтуынша, Тұттыбұлақ – Қазақстандағы мұндай жәдігерлер табылған алғашқы үңгір. Сондықтан, әлемдік сенсация – қазақ ғалымдарының үлкен жетістігі. Табылған жәдігерлер бір жылға жуық зерттеледі. Олардың жасын және нақты дәуірін анықтау қажет.

Материал https://otyrar.kz/2022/07/artefakty-epohi-paleolita-obnaruzhili-uchenye-v-peshhere-tuttybulak/ деректері бойынша дайындалды

«« | »»
Соңғы жаңалықтар