EXPO-2017

Архитектуралық байқаудың 10 үздік жұмыстары атанды

09.10.2013

6588

Техникалық кеңес архитектуралық байқаудың 10 үздік жұмыстарын анықтады.

Ұсынылған эскиз-идеялар авторларының үздік ондығына келесі компаниялар кірді :
1. UNStudio
2. Isozaki, Aoki & Associates
3. Saraiva+Associados
4. Manfredi Nicoletti
5. Vasconi Architects
6. "Казгор" жобалық академия
7. Adrian Smith+Gordon Gill Architecture
8. Uberbau
9. Officio Architettura "Di Bertolini, Prodi Ec. Architetti Associati.
10. GMP International

Байқау 2013 жылғы 18 ақпанда жарияланғандығын, жұмыстарды қабылдау 18 шілдеде аяқталғандығын еске саламыз. Бүкіл әлемнен 50-ге жуық архитекторлар ЭКСПО 2017 халықаралық мамандандырылған көрменің кешені және символы бойынша өз көрінуін ұсынды.

Байқауға қатысушылардың жұмыстары Экономикалық тенденцияларды зерттеу қорының (АҚШ) президенті, белгілі экономист Джереми Рифкиннің басшылығымен техникалық кеңес бағалауынан өтті. Кеңес құрамына тұрақты даму және энергиялық тиімділік саласындағы атақты архитекторлар мен мамандар кірді.

Байқаудың соңғы нәтижелері кейінірек жарияланады. Техникалық кеңес мүшелері байқау жеңімпазы симбиоз-жоба болатынын жоққа шығармайды.

Ақпарат көзі: expo2017astana.com

«« | »»
Соңғы жаңалықтар