EXPO-2017

Сағынтаев Татарстанның кәсіпкерлерін ЭКСПО көрмесіне шақырды

22.09.2014

7627

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Татарстан Республикасының кәсіпкерлерін «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға шақырды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Бизнесмендер үшін 2017 жылы Астанада өтетін «ЭКСПО» халықаралық көрмесі үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, «ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу мен оған дайындық барасына бизнес-қауымдастықтарды тарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасадық. Бұл көрмені өткізуге бүгінгі қонақтарымыздың да (Татарстан Республикасының бизнесмдері – агенттік ескертпесі) қатыса алады»,-деді Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін елордада Астана қаласының және Татарстан Республикасының іскерлік орта өкілдерінің бизнес форумы өтіп жатыр.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар