EXPO-2017

EXPO-2017 көрмесіне Түркиядағы қазақ жастары да үлес қоспақ

23.05.2014

8094

Ыстамбұл. 22 мамыр. BAQ.KZ – Астанада өтетін ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне Түркияда білім алып жүрген қазақстандық студенттер де үлес қоспақ. Түркиядағы Қазақстан студенттері альянсының ұйымдастыруымен Ыстамбұлда «Кемелденген Қазақстан – «ақылды қала» ЕХРО-2017» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті,- деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оған Түркияның танымал жоғары оқу орындарында магистратура мен докторантурада білім алып жатқан үздік студенттер қатысты. Олар еліміз үшін аса маңызды салалар нанотехнология мен биотехнология, инфрақұрылым мен жаңартылмалы энергия көздері жөнінде мазмұнды баяндамалар жасады. Конференцияда студент-жастар көп жылдан бері шұғылданып жүрген ғылыми жұмыстарымен де таныстырды. Шетелде оқып жатқан жерлестерімізі өз ғылыми жобаларының Қазақстанның дамуына қызмет еткенін қалайды.
Конференция қорытындысы бойынша Еге университетінің магистранты Бауыржан Құлтаев «Қайта өңделген термопластиктердің беттік қабатына физикалық және химиялық тәсілдермен активация жасау арқылы » атты ғылыми жобасымен бірінші орынды иеленсе, Коч университетінің докторанты Даулет Ізбасаров «Мехатрондық жүйелерді қолданып биологиялық белсенді базаларды даярлау» атты жобасымен екінші орын алса ал, үшінді орынға Қождаелі университетінің докторанты Раушан Қамбар «Әлемдік көрме жүйесі: Астана EXPO 2017-нің Қазақстан экономикасына және маркетинг саласына тигізетін әсері» атты баяндамасымен қол жеткізді.
Жеңімпаздарға құнды сыйлықтар мен ҚР Ыстамбұлдағы Бас консулдығы атынан алғыс хаттар табысталды.

Дереккөзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар