EXPO-2017

EXPO-қалашығының құрылысын негізінен қазақстандық мердігерлер салады

25.04.2014

6988

EXPO-қалашығының құрылысын салуға көп құрылысшы жұмылдырылады. Біздің шағын және орта бизнесте көптеген жұмыс орны ашылады, күш жігерімізді қайда жұмсау керектігін білеміз, деп атап өтті Мемлекет басшысы көрме кешені құрылысының капсуласын орнату салтанатында.

«Біз бұл жерде негізінен қазақстандық мердігерлердің еңбектенуіне мүмкіндік беруге тырыстық», – деді Елбасы.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев «олар өз деңгейін көтеріп, жоғары біліктілігі мен жұмысының сапалы екенін көрсетуі тиіс» екендігін атап өтті.

«Бүгін біз жұмысты бастаймыз. Барлығыңызды игі бастамамен шын жүректен құттықтаймын! Бұл үлкен міндетті ойдағыдай атқарып шығатынымызға сенімдімін, әлем алдында мүлдем жаңа қырынан танылып, Астана мен Қазақстанды дүние жүзіне паш етеміз. Барлық нысандарға еріктілер өте қажет болады. Көрмеден басқа, біздің көпұлтты мәдениетімізді, тарихымызды, өнерімізді көрсетуіміз керек. Мұның бәрі бізден, Үкіметтен, қала әкімдігінен, барлық министрліктерден талмас еңбекті қажет етеді. Алдымызда тұрған міндет – айтулы да ауқымды, бірақ мұны жұмылып атқарып шығатынымыз анық», – деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.

Дереккөзі: today.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар