EXPO-2017

14 жастағы қыз троллингке қарсы «дәрі» ойлап тапты

11.08.2014

8834

Чикаголық мектеп оқушысы Триша Прабху Интернетті жасөспірімдер қалдыратын жаман жазбалардан тазартудың жолын ойлап тапты, деп хабарлайды Вести.

14 жастағы қыз өз жобасымен Google Science Fair ғылыми байқауының финалына өтті.

Жасөспірімдер Интернетте жиі ашу-ызаға толы пікірлер жазып қалдырады. Олардың жазбалары басқа адамдардың ашуын тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, зерттеулер бойынша интернеттегі «троллинг» құрбандары күйзеліске ұшырауы немесе өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін.

Триша Прабху Rethink («Ойыңнан қайт») жүйесін ойлап тапты. Бұл түрлі балағат сөз жазған адамға оны жібермес бұрын ойлануды ұсынады. Егер жоба байқауда үздік деп танылса, оқушы қыз 50 мың доллар көлемінде жүлде алады.

Дереккөзі: today.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар