Өзектi

Қазақ ғылымы Батыс елдерімен тығыз қарым-қатынас орнатып үлгерді

08.12.2017

5129

Қазіргі заманда ғылымда экономика секілді барынша ғаламдасып, құлашын кеңге жая түскені белгілі. Қай елдің ғылымы ғалымдық үрдіске сай дамыса, оның тиімді бағытта дамып жатқанын байқауға болады. Осы ретте қазақ ғылымы әлемдік ғылыми қоғамдықпен қаншалықты ынтымақтастық орнатып үлгерді деген заңды сұрақ туады. Бұл сұраққа жақында «ҰМҒТСО» АҚ Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама басқармасы жауап берді.


Бүгінде мемлекеттің гранттық қаржыландыруына ұсынылған ғылыми жобалар шетелдік сарапшылардың бағалауынан өтетіні белгілі. Биыл да 2018-2020 жылдарға арналған гарнттық қаржыландыруға ұсынылған ғылыми жобалар жақында ғана шетелдік сарапшылардың бағалауынан өтті. Осы ретте «ҰМҒТСО» АҚ Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама басқармасы басшысы Мадина ханым бізге биылғы мемлекеттік сараптама ісіне шетелдік және отандық қанша сарапшы татрылғанын жайындағы тың деректерін ұсынды.

Біздер басқарма басшысы ұсынған мәліметттердің негізінде қазақ ғалымдарының ғылыми жобаларын бағалауға қанша шетелдік және отандық сарапшылар тартылғанын қолмен қойғандай көрсететін инфографика дайындаудың сәтті түсті. Инфографикаға назар аударған жан қазақ ғылымы батыс елдерімен ынтымақтастық аясын кеңейтіп келе жатқанын байқауға болады. Осы ретте АҚ Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама басқармасы қызметкерлерінің Ұлыбритания, АҚШ, Италия, Испания, Германия, Франция сынды ғылымы жоғары деңгейде дамыған елдердегі мамандармен тығыз әріптестік қарым-қатанас орнатқаны бізді қуанта түсті.




«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар