Өзектi

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру туралы конкурстың өткізілуі туралы хабарландыру

15.09.2016

6485

«Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» ММ атынан, Оператор – «Ғылым қоры» АҚ, конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізілуіне байланысты, 2016 жылға ғылыми жəне (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нəтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру туралы конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімінің 2016 жылдың 27 қазанына дейін ұзартылғандығын хабарлайды.

Өзгерістер енгізілген конкурстық құжаттама ҚР БҒМ Ғылым комитетінің сайтында: sc.edu.gov.kz орналастырылған.

Конкурстық құжаттаманы түсіндіру жəне өтінімді беру туралы сұрақтар бойынша кеңесті келесі телефон бойынша алуға болады: 8 (7172) 20-11-97, 26-63-59.

КҚ - 27.09.2016-қазақша (.doc) Жүктеу
КҚ қосымшалары - 27.09.2016 қазақша (.doc) Жүктеу

Дереккөзі: sc.edu.gov.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар